​ОШАҒАН майымен ҚАС-КІРПІКті өсіруге болады

0
20 123

«Тәртіпке бағынбай», шашырай өскен немесе өте сирек қас сұлулығыңызды жоққа шығаруы да мүмкін.


​ОШАҒАН майымен ҚАС-КІРПІКті өсіруге болады

ҚАС- бет-жүздің сұлулығында ерекше роль ойнайды. Себебі, селдір, шашырай өскен қас беттің сұлулығын айшықтай қоймайды. Нәзік жандылардың сұлулыққа құмар келетінін ескерсек, осындай қастың иесі үнемі оны бояп, жан-жағындағы артық қастарын ретке келтіріп, бояу жағып жататыны да жасырын емес.

Қазіргі күнде «ЖАСАНДЫ ҚАС пен КІРПІК көбейіп кетті, табиғилық жоқ» деп сын айтатындар да көп. Өзіңізге де табиғилық ұнайды ғой?

Алайда, жаратылысыңыздан қасыңыз сирек болса, амалсыз жасанды қас жасатуға мәжбүрсіз. Бірақ, қас пен кірпікті қалыңдатудың, өсірудің жолдары бар екендігін білсеңіз, егер шыдамдылығыңыз, ерік-жігеріңіз жетсе, сіз табиғи қалың қас пен кірпіктің иесі бола аласыз.

«Тәртіпке бағынбай», шашырай өскен немесе өте сирек қас сұлулығыңызды жоққа шығаруы да мүмкін.

Сондықтан, әдемі көздеріңіздің бірден көзге түсуіне де қастың айтарлықтай үлесі бар екендігін ескерсек, біз қасты қалыңдатуды, күтуді ұсынамыз. Қасқа үнемі, ыждағатты күтім көрсететін болсаңыз, бір тегіс, қалың және өңіңізге айрықша сұлулық сыйлайтын түске енуі мүмкін. Күтім үшін айтарлықтай көп уақыт та, көп қаражат та шығындамайсыз. Тек қана күн сайын 15 минут уақытыңызды қас күтіміне арнасаңыз СІЗден асқан сұлу болмайды.

Қас күтімі үшін дұрыс таңдалған құралдар оның шырайын келтіреді. Қастың түптері бекем, жылтыр болады.


ҚАС КҮТІМІ ҮШІН:

Тарау, нәрлендіргіш құрал, уқалау, яғни, арнайы массаж және коррекция жасау қажет. Косметикалық дүкендерден қазіргі күнде барлығын да табуға болады. Алайда, оның өзін дұрыс таңдау қажет. Егер қалтаңызға артық шығын түспесін десеңіз, үй жағдайында да түрлі азық-түліктер, табиғи дәрілік шөптерді пайдалану тәсілдері арқылы ӘДЕМІ ҚАСқа жете аласыз.

СОНЫМЕН, сізде түрлі майлар: зәйтүн, бадам, шабдалы, кастор, күнбағыс және ошаған майлары болса болғаны.

Қасты күн сайын ерінбей тарап отыруды әдет етіңіз. Ол үшін сізге арнайы қас тарағы немесе кірпік бояйтын тущтан босаған қаттылау щетка керек болады. Егер мұндай щетка өзіңізден табылмаса, тіс щеткасы да жарайды.

Әуелі қасты өсу тәртібіне қарама-қарсы бағытқа қарай тараңыз. Одан соң келесі бағытқа. Тарау арқылы қастағы артық түктер мен шаңнан арыласыз. Сонымен қатар, қастағы қан айналымы да жақсарады. Осыдан келіп, қасыңыздың өсуі де ретке келеді.

Тарап болғаннан кейін арнайы бальзам жағып қойыңыз. Егер бальзам болмаса, оның орнын кастор майы, ошаған майы немесе зәйтүн майының бірімен алмастыруға болады.

Щеткаға бірнеше тамшы майды тамызып, немесе щетканы майға батырып қасыңызға жағыңыз. Болған соң, қағаз майлықпен (салфетка) қасыңыздың үстінен жеңіл басып, артық майларды сіңіріп алып тастайсыз.


ҚАСты ҚАЛЫҢдату үшін:

10 мл зәйтүн және 15 мл кастор майын алыңыз. Екеуін жақсылап араластырып, дайын болған қосспаға қастың көлеміндей етіп кесіп алынған дәкені малып алыңыз. Бұл тампонды мұқият қастың үстіне қойыңыз.

Қалғанын кейін де пайдалану үшін қараңғы, құрғақ жерде сақтаңыз. Ұзақ уақыт бойы құрамы өзгермейді, қорықпай таусылғанша қолдана беруіңізге болады.

Пайдаланар алдында ыдысты шайқап алғаныңыз жөн.

ШАБДАЛЫ, ЖЕРЖАҢҒАҚ, БАДАМ майымен компресс жасау

Осы аталған үш түрлі майды жеке өзін немесе бірдей көлемде араластырып, қасыңызға компресс жасасаңыз, қасыңыз жылтыр, қалың болып өседі.


Ол үшін майды ысытып, дәкеден тампон жасап алыңыз да, ыстықтау майға батырып, қасыңыздың үстіне мұқият қойыңыз. Оның үстінен пергамент қағазын қойып, дәкемен басыңызды айналдыра таңып қойыңыз. Бұл комперсті 15 минуттан кем ұстамаңыз.

ҚАСқа МАССАЖ жасау

Уқалау пайдалы, өз нәтижесін де көп күттірмейді. Уқалау арқылы қасты өсіріп қана қоймай, шаршауды басатын, бас ауруынан айықтыратын, көздің қарауытуының алдын алатын қасиеттері бар екендігін жақсы білсеңіз керек.

Дәруменді кремдерді жағып, қасыңыздың үстіне массаж жасасаңыз, теріге тез сіңеді. Сол арқылы қасыңызды азықтандырасыз.

Нәрлендіруші кремді үй жағдайында дайындасаңыз да болады. Ол үшін бір құты ЛАНОЛИН креміне 15 тамшы Е дәруменін және 30 тамшы А дәруменін қосыңыз. Дәрумендер кез-келген дәріханаларда сатылады. Осылай өзіңіз дайындаған кремді аптасына бірнеше рет қас үстіне жағып, жеңіл уқалау арқылы сіңіріп отырсаңыз, нәтижесі көз қуантарлықтай болмақ.

ҚАСты ЖЫЛДАМ өсіру мүмкін бе?

Әлбетте! Егер қасыңыз төгіліп, сиреп бара жатқанын сезсеңіз, уайымдамаңыз. Сиреген қастың орнын тез арада «ТОЛТЫРуға» болады.

Ол үшін сізге тек қана бадам майы қажет. Бадам майын қасыңыздың үстіне жағып, 10 минут күтіңіз. 10 минуттан соң, жуып тастау қажет емес, тек қана таза дәкемен немесе қағаз майлықпен сүртіп алсаңыз жеткілікті.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

ШАШ БОЯУы ҰЗАҚ уақыт сақталуы үшін

ТОЛЫҚША келген қыз-келіншектерге ҚАНДАЙ ӘШЕКЕЙ жараспайды?