Шаштағы сәтсіз бояуды кетірудің оңай тәсілдері

0
6 897

Білмейсіз бе? Онда бізді тыңдаңыз!


Шаштағы сәтсіз бояуды кетірудің оңай тәсілдері

Әйелдің көркі шаш екені бәріне аян. Оның қайратты, әдемі болуы әйелдің мінезінен хабар береді деседі. Онымен қоса жігіттердің алғашқы көзі түсетін жері де әйелдің шашы-мыс.

Сондықтан әйелдер түрлі "қулыққа барып" шаштарын әсемдеп, бояп жатады. Бірақ кейде бояған шашыңыз өзіңізге ұнамай, сәтсіз болатын кездері де бар. Ондай шақта шешімін қалай табуға болады?

Білмейсіз бе? Онда бізді тыңдаңыз!


Кокос майы. Шаштағы бояуды кетіру үшін сізге үш ас қасық кокос майы керек. Оны қыздырып құрғақ шашқа жағасыз. Одан кейін кемінде үш сағат солай жүріп, артынан қарапайым кез келген сусабынмен жуып тастайсыз. Нәтижесінде шаштағы бояу жақсы кетеді. Кокос майының орнына зәйтүн мен өсімдік майын да қолдануға болады, бірақ олар кокос майы сияқты жақсы әсер етпейді.

Қаймақ. Үйдегі қаймақты шашыңыздың бояуын кетіру үшін пайдалана аласыз. Бірақ майлылығы жоғары пайыздығын таңдап алыңыз. Оны да құрғақ шашқа жағып 3 сағат күтесіз. Тек басыңызға целлофаннан жасалған қалпақ киіп алыңыз. 3 сағат өткенде сусабынмен жуыңыз.

Фото: edinstvennaya.ua

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ