Шашты ЖУА САЛА фенмен КЕПТІРУГЕ БОЛМАЙДЫ

0
3 655

Шашты кептіргенде мұндай қате жасамау қажет.


Шашты ЖУА САЛА фенмен КЕПТІРУГЕ БОЛМАЙДЫ

Шашыңызды жуғаннан кейін фен арқылы кептіретін болсаңыз, оның да өз ретін білгеніңіз жөн. Егер дұрыс қолдана алмасаңыз, шашыңыз қайта қалпына келмейтіндей зиян көруі мүмкін.

Ол үшін біз қандай қателіктерге жол бермеуіміз қажеттігін есте сақтайық!


Тез кебуі үшін максималды «ыстыққа» қою

Әрине, біз үйден шығуымыз керек, уақытымыз тығыз. Әйтсе де, жуылмаған шашымызбен де шығып кете алмаймыз. Оның ең тиімді жолы шашымызды дереу жуып, соңынан феннің көмегімен кептіріп ала қою.

Әлбетте уақытты үнемдеу жағынан бізге тиімді болғанымен, орташа температурада шашты кептіру секілді шашқа зиянсыз деп айта алмаймыз. Шектен тыс ыстық ауа ылғалдылықпен әрекеттескенде шаштың сынуы пайда болады.

Егер максимал температурада кептіру керек болса, салқын ауаны пайдалану керек. Бірақ өзіңіз де біліп тұрсыз, салқындық шашыңызды тез кептіргенімен, бас терісінің ұсақ клеткаларынан енген суық ауа денсаулығыңызға айтарлықтай әсер етеді.

Суықтан түрлі ауруларыңыз қозуы мүмкін, жүйке талшықтарыңызға да суық тисе, мұның зардабын айтып жеткізу мүмкін емес.

Сондықтан, мейлінше фенді қолданбай, қолдансаңыз да, нормасынан асырмайтын шектікте қолданыңыз.



Шашқа көлем беру үшін таңдалған «дұрыс емес» тарақ

Көптеген қыз-келіншектер жақсы біледі, қысқалау шаштарды кептіргенде әдемі көлем беру үшін домалақ тарақтарды пайдаланамыз. Ылғалды шашты мұндай тарақпен тарау шаштың түбіне кері әсер етеді.

Сондықтан, алдымен шашты толықтай болмаса да кептіріп, соңынан саусақтарыңызбен салалап тарап жіберіңіз. Ең соңында ғана осы домалақ тарақты қолдансаңыз болады.


Жуа сала кептіру

Шашыңызды жуғаннан кейін, аз уақытқа болса да табиғи жолмен кептіріп алғаныңыз жөн болады. Немесе сүлгімен шашыңызды орап, үйдегі жеңіл-желпі шаруаларыңызды тындырып алсаңыз да керемет.



Шашты ұшынан бастап кептіру

Мамандар әрдайым ескертеді, шашты түбінен бастап кептіру керек. Сол кезде ылғалдылық шаштың ұшына қарай өтеді.


Шашты бөліктерге бөліп кептіру керек

Шаштаразға барсаңыз, мамандардың шаш кептіру әдісіне назар аударған боларсыздар? Әдетте олар шашты бірнеше бөліктерге бөліп кептіреді. Бұл әдіс те уақытты аз да болса үнемдеп, шаштың болықтай кебуіне мүмкіндік береді.

Шаштың бір ғана бөлігін кептіруге алып, қалғанын түйіп, қыстырғышпен қыстырып қою керек. Әуелі ыстық ауамен, соңынан салқын ауамен кептіріп алыңыз.

Ыстықтан қорғаушы құралдарды пайдаланбау

Шашты кептірерден алдын ылғалды шашқа ыстықтан қорғаушы өнідерді қолдану керек. Ылғал шашқа жағып, соңынан кептірсеңіз, шашыңызға зияны тимейді.


Сапасыз фенді қолдану

Қандай да бір арзан бағадағы заттар пайдасынан гөрі зиянын алып келеді. Сол мезетте ақшаңызды үнемдеуіңіз мүмкін, бірақ, сапасыз заттың пайдасын көрдім деген адам аз.

Сондықтан, фенді таңдағанда өте мұқият болыңыз.


Құрғақ шашты «құрғату»

Салтанатты кештерге сәнді шаш үлгісін жасау үшін немесе көлем беру үшін кейбір қыз-келіншектер құрғақ шашты қайтадан «құрғатады». Яғни, феннің көмегімен шашқа көлем береді. Бұлай етуге болмайды.

Себебі, шаш өзінің реңін жоғалтып, сынғыш бола түседі.



ФЕНді ешқашан тазаламау

Феннің артқы жағындағы «тесіктер» шаң мен лас ауа қысымын сақтап қалады. Бұл феннің жұмысына кері әсер етеді.

Оқтын-оқтын феніңізді тазалап тұрыңыз. Бұл феннің қызып кетуінен, ауа айналымының бәсеңсуін болдырмайды.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Оversize стилі кімге жараспайды?


КҮЗ бен ҚЫС: Резеңке етік әлі де сәнде