​Жаңа Жыл кешіне жарқырап боянғыңыз келсе – 3 кеңес

0
5 709

Әсіресе, көз бояуының түсін ерінмен үйлестіру 2019 жылы сәнде болмақ.


​Жаңа Жыл кешіне жарқырап боянғыңыз келсе – 3 кеңес

Жыл бойына асыға күтетін кештердің бірі – Жаңа Жыл. Жаңа жылға аяқ басып, өткен жылды шығарып салатын көңілді кеште қайсыбір қыз болмасын, әдемі әрі ерекшеленіп тұрғысы келеді. Ал ерекшеленудің бір көрінісі – әдемі бояну.

Бояна білу де өнер. Ал ол үстіңдегі көйлек пен тырнақ түсіне, жалпы сымбатыңмен үйлесе тұрса, одан жақсы.

Ендеше, 2019 жылды қарсы алуға лайықты макияж түрлерін ұсынамыз. Қалағаныңызды косметолог-визажист маманыңызға көрсетіп, жасатып ала аласыз.


2019 жылдың сәнінде көздің бояуы, глиттер немесе ерін бояуы болсын, жарқырау әсерін беретіндері көп болады. Оны табиғи сұлулықпен ұштастыра білуге ден қойылмақ.


Әсіресе, көз бояуының түсін ерін бояуымен үйлестіру сәнде болмақ.


Ашық түсте боянғыңыз келсе...

Егер ерін мен көз бояуына акцент бергенді ұнататын болсаңыз, жаңа жылдық кеште барынша жарқын түстерге ден қойыңыз. Мәселен, көзге контур жасап, ішкі қиығына жарқыл беру мен қабақтың астын жарқырата бояған үйлесім табады.

Ал негізгі түсті барынша ерін түсіне жақындатыңыз.


Трендте болатын түстер – күлгін, сарғыш, ашық күлгін, шарап түстілер.

Жарқыл беретін көз бояуын таңдауда да негізгі түспен үйлестіруден қашпаңыз. Екеуі бірлесіп өте әдемі сәйкестікті құрайды.


Көзді жарқыратып көрсету үшін...

Ал ерін түсімен үйлестіруді қаламасаңыз, кірпікті ұзын әрі қою етіп бояп, қабаққа әлсін жарқыл беретін реңк таңадасаңыз болады. Бірақ кірпіктің түбі сүрменің түсімен бірдей етіп боялуы керек. Сонда көзіңіз алыстан көзге түсетіндей жарқырап көрінеді.

Ерін түсін өз қалауыңызша таңдайсыз.


Ерінге салмақ салмаймын десеңіз...

Керісінше, көзді жарқырай боятып, ерінді табиғи түсімен қалдырғысы келетіндерге де әдемі макияж түрі бар.

Мұнда көз бояуының түсін киіммен немесе кез келген аксессуар түсімен жарастырсаңыз болады. Ал ерінге тек жарқыл ғана беретін бояу түрін таңдай аласыз. Тек ерін жиегін түсіне сәйкес қарындашпен сызу артықтық етпейді.



Терең де қанық бояуларды жақсы көретіндер үшін күңгірт түс пен табиғи түстер үйлесім табады.

суреттер: ашық дерекөзден

Дайындаған: Қ.Есенбай,

ERNUR.KZ