​ЖАҢА ЖЫЛдан бастап ЕҢ СҰЛУ болуға арналған ЖОСПАР

0
2 699

Сіз дайынсыз ба? Жаңа жылға жаңа келбетке енейік


​ЖАҢА ЖЫЛдан бастап ЕҢ СҰЛУ болуға арналған ЖОСПАР

Сұлулық жоспарын біз жаңа жылдан бір ай бұрын жасап, дайындала бастаймыз. Бір ай аз уақыт емес, сондықтан сіз жаңа жыл кешіне дейін көптеген өзгерістерге қол жеткізіп, кештің ең сұлу ханшайымы атануыңызға да мүмкіндігіңіз бар.

Мерекені әдемі, көңілді етіп өткізу үшін қажет болған жағдайда «жасаруға» да жеткілікті уақыт.

Ол үшін сіз ең алдымен қандай күтімдер жасалуы тиіс екенін білуіңіз керек.

Ең алдымен тонус пен сергектік үшін витамин терапиясын бастаңыз. Яғни, теріңіз үшін, ағзаңыз үшін, жалпы денсаулығыңыз үшін дәрумендерді қабылдауды бастаңыз.


ДӘРУМЕН қабылдаңыз

Дәрумендер теріге де, шаштың күйіне де оң әсер етеді. Әсерді төрт аптадан кейін күту керек, тері жасушаларын жаңарту үшін 28 күн қажет.


Мүсініңізге көңіл бөліңіз

Талшыбықтай дене бітімі әрине кез-келген аруға ұнайды. Бірақ бұл барлығына бірдей қолжетімді емес. Яғни соған қарамастан, мүсінді айшықтап, денені қалпына келтіру үшін тер төгуге тура келеді. Оған әсер ететін әрине фитнес, массаж,дұрыс таңдалған диета.

Жаңа жылға орай қосымша салмақ жоғалтқыңыз келсе, фитнеспен айналысыңыз, бұлшықеттерді нығайтуға жеткілікті уақыт.

Целлюлетпен күрес үшін массаждарға жазылыңыз, аппараттың немесеқолдың көмегімен жасалынатын үрдістен сіздің мүсініңіз жаңа жылға дейін жинақталып қалады.


(Суреттер ашық дереккөзден алынды)

Жақсы келбет пен мінсіз тері үшін

Пиллинг және мезотерапия. Пиллинг келбетті және терінің күйін жақсартуға көмектеседі. Жаңа жылға бір ай қалғанда сіз кем дегенде үш-төрт мезотерапия сессиясын өткізе аласыз.

Әсері екінші процедурадан кейін байқалады: келбет жақсарады, тері ылғалданады, серпімді және тегіс болады, ал кішкентай мимикалық әжімдер аз байқалады. Жасарып, әжімдерден арылыңыз!


Мінсіз шаш

Шаш қию, бояу, қарқынды күтім жасауды жаңа жылға бір апта қалғанда жоспарласаңыз да кеш емес. Шашты ретке келтіруді ұмытпаңыз, егер шашыңыз зақымдалған болса, оларға қарқынды терапия қажет болады, оны мерекеге дейін 3 аптадан кешіктірмей бастау керек.

Ең жақсы нұсқа салондық процедуралар, оның ішінде бас массажы шаш фолликулаларының қан айналымын жақсарту және нәрлендіру үшін және табиғи майлар, ақуыздар немесе коллаген бар маскаларды қолдану үшін маманның көмегіне жүгініңіз. Себебі зақымдалған шашты тез қалпына келтіру үшін ең жылдам әрі тиімді жолы осы.

Қара трюфель майымен немесе қара уылдырық ақуыздарымен және арган майы бар шашқа арналған өнімдерді қолдануды бастасаңыз, олар тіпті қатты зақымдалған шашты да тез қалпына келтіреді.

Үйде күтім жасауға арналған түрлерін сатып алсаңыз, салонға барудың да қажеттілігі аз болады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ГЕЛЬді лактан ТЫРНАҚ «демалуы» керек пе?

ЛАВР жапырағы теріні БАЛҒЫН етеді