Жасанды кірпіктен келетін 3 қауіп

0
7 535

Жасанды кірпік жалғау - қазіргі күннің басты трендерінің бірі. Айналаңызға қарасаңыз, екі қыздың бірінен ұзын кірпікті байқайсыз.


Жасанды кірпіктен келетін 3 қауіп

Жасанды кірпік жалғау - қазіргі күннің басты трендерінің бірі. Айналаңызға қарасаңыз, екі қыздың бірінен ұзын кірпікті байқайсыз.

Жасанды кірпік жасаудың бір пайдасы күн сайын косметикамен баянып жатпайсыз, кемі 1 ай сол кірпіктермен жүруге болады. Бірақ бұл сұлулықтың да қауіпті тұстары бар екенін ұмытпаған жөн.Сондықтан кірпік жалғар кезде төмендегі 3 кеңесті назардан тыс қалдырмаңыз!

  • Жасанды кірпік қабақтың терісіне айтарлықтай зиян келтіреді. Егер кірпік жалғайтын маманның желімі сапасыз болса, терінің қабынуы және бөртуі мүмкін. Мұның алдын алу үшін кірпікті жалғамай тұрып, маманның қандай құралдарды пайдаланатынын зерттеп алу керек. Олардың сапасы өте жоғары болуы маңызды. Кірпік жалғайтын мамандардың тым арзан ұсыныстарынан бас тартқан жөн.
  • Табиғи кірпіктеріміздің түсуі қалыпты жағдай. Ол да басымыздағы шаш сияқты уақытымен жаңарып отырады. Орта есеп бойынша табиғи кірпіктің мерзімі 200 күн, одан кейін орнына жаңа кірпік өседі. Ал жасанды кірпік жалғайтын кезде олардың мерзімі қысқара береді. Әсіресе көлемді кірпікті жабыстырғанда, табиғилары тез «шаршайды».
  • Жасанды кірпіктен өзіңіздің кірпіктеріңіздің зақымданатыны айдан анық. Ол әсіресе маманның сауатсыздығынан және кірпікті өзіңіз алып тастайтын болсаңыз еселене түседі. Сол себепті жасанды кірпікті жалғау кезінде де, алу кезінде де білікті маманның қызметіне жүгініңіз.

"Сұлулық-құрбандықты талап етеді" десек те, табиғи дүние қашанда жоғары бағаланады. Өзіңіз жасанды кірпік жабыстырасыз ба? Оған көзқарасыңыз қандай?

Фото: http://edinstvennaya.ua

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ