16 қадам жасап, өмірге қайта келіңіз!

0
6 121

Алғашқы қадам сізді өткенді ұмытуға шақырса, кейінгісі арманға жетелейді. Осылайша сіз әр қадам басқан сайын дүние есігін ешбір қисық сызық түспеген аппақ парақпен ашасыз.


16 қадам жасап, өмірге қайта келіңіз!

фото: www.proza.ru

Біреудің сыртынан сын айтып, мін тағу оп-оңай. Ал, жеке басыңа келгенде бәрі де басқаша. Өз-өзіңді тәрбиелеу қиынның қиыны. Дегенмен, өмірде аяғыңызды шалыс басып, қатты өкінген немесе қолыңыздағы барыңыздан түгелдей айырылған жан болсаңыз да өмірді жаңа парақтан бастауға болады екен. Ол үшін не істеу керек? Төмендегі 16 тәсіл сізді қайта өмірге әкеледі. Ендеше сеніңіз, алға қадам жасаңыз!

Өткенді еске алмаңыз

фото: n1s1.elle.ru

Жаңа өмір бастауға сізде айтарлықтай себеп бар ма? Себеп болса, сіз оны жасауға тиіссіз. Ажырасқалы жатсаңыз да, бизнесте борышқор болып қалсаңыз да бұл маңызды емес. Ең маңыздысы, өткенді қозғамау. Өткенді мүлде ұмыту. Осыны жасай алсаңыз, жаңа өмірге қадам басасыз.

Болашаққа жоспар құрыңыз

Өзіңіздің қайта туылғаныңызды қалаған күннен бастап сізге болашаққа жоспар құру керек. Алдағы өміріңіздің жарқын болуы үшін не істеуіңіз керек? Қандай әрекеттер сізді алға жетелейді? Міне, осыларды анықтағанда әрі мақсат қоя білгенде жоспарыңыз орындалады.

Тізім жасаңыз

Әрбір арайлап атқан таңды күлімдеп қарсы алыңыз. Содан соң міндетті түрде қойын дәптеріңізге ойға алған, жетемін деген мақсатыңызды нақтылап жазыңыз. Мақсат жазылғаннан кейін сіз ойларыңызды шын мәнісінде жүзеге асыруға тырысасыз. Сондықтан да әр күнге жоспар жазып, орындау керектігін естен шығармаған дұрыс.

«Жоқ» деп айтыңыз

фото: 1.bp.blogspot.com

Егер сіздің бір нәрсені істегіңіз келмесе, онда өз-өзіңізге «жоқ» деңіз. Біраз уақыт өткен соң сол істі жасап көрсеңіз, жеңіл әрі бар ықыласпен бітіріп тастайсыз.

Дұрыс адамдармен қарым-қатынас жасаңыз

Дұрыс адамдар деп кімді айтамыз? Бұл жерде денінің дұрыстығы емес, жанының, жүрегінің тазалығын айтып отырмыз. Ол адамдар сіз шабыт алып, бірдеңе үйрене алатындай болсын. Жаныңызға жақын жан алыста болса, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер арқылы хабар алмасып, қарым-қатынас жасау өте оңай.

Алғыс айтыңыз

Әр күн сайын алғыс айтуға уақыт арнаңыз. Ішіңізден ең бірінші Аллаға, сосын айналаңыздағы адамдарға алғыс айтуды үйреніңіз. Уақыт өткен сайын алғыстар санын санап отырыңыз.

Бір нәрсеге басымдық беріңіз

Әрбір күннің бір сағатын өз мақсатыңызға жұмсаңыз. Алдымен мақсатқа жетуге титтей де болса септігі тиетін әрекеттерден бастап, содан кейін ғана ауқымдысына кіріскен жөн. Күнтізбені пайдалануды да естен шығармаңыз. Кейбір мақсатты күндерді белгілеп отырсаңыз да діттегеніңізге жылдам қол жеткізесіз.

Жомарт болыңыз!

фото: fb.ru

Жомарт болу өз қолыңызда. Қайырымдылық жасайсыз ба, тегін тамақ таратасыз ба әлде білгеніңізбен бөлісесіз бе өзіңіз білесіз. Осылай жомарттық таныту арқылы сіз басқаларға қолдау білдірсеңіз, олар да сізді қолдайды.

Жаңалыққа құмар болыңыз

Жаңа дүниелер сізді шабыттандырып, басқа әлемге жетелейді. Сол себепті де үйреншікті жерден емес, түскі асты немесе кешкі асты бұрын-соңды аяқ баспаған асхана-кафелерден ішсеңіз болады. Шетелге саяхаттаңыз. Яғни, өзіңізге таныс әлемнен шығып, жаңалыққа құмартыңыз. Сонда алға қарай жылжып, дами түсесіз.

Ұнамайтын заттарды шығарып тастаңыз

фото: ezoterika.me

Мәселен, сізде өзіңізге жарасымсыз кеудеше бар делік. Оны тек сәннен қалмағаны үшін киіп жүрсіз. Сондай-ақ, қонақ бөлмедегі үстел де сізге ұнамайды. Бірақ, шығарып тастауға қимайсыз. Шаң басқан кітаптар бәрі-бәрі көңіл-күйіңізді бұзып, қуатыңызды кеміте түседі. Сондықтан да мұндай заттардың да сіздің өміріңізден орын алмағаны дұрыс. Барлығын шығарып тастаңыз.

Дүкен аралаңыз

Қалтаңызда бар қаржыны шашып, қалағаныңызды ал демейміз. Бірақ, кішкентай жаңа зат алсаңыз да ол сізге ерекше көңіл-күй сыйлап, жаңаша әлемге апарары сөзсіз. Мысалы, жаңа жұмысқа қабылданғанда, жаңа киім, жаңа сағат, жаңаша шаш үлгісін жасап барғаныңыз жөн.

Кітап оқыңыз

Жай ғана оқып шығу ештеңені өзгертпейді. Көп оқыңыз. Оқи білу – сіздің қабілетіңізді жақсартып, жаңа дүниелерді білуге көмектеседі.

Денсаулығыңызды күтіңіз

Дұрыс тамақтанып, күніне 8 сағат ұйықтауға тырысыңыз. Әр адам денсаулықты күтуге міндеттімін, денсаулық маған берілген аманат деп қарайтын болса, шын мәнісінде ол зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстап, өз тәніне де көңіл бөледі.

Ұстаздың көмегіне жүгініңіз

фото: frmall.ru

Егер сіз алдағы өміріңіздің ақ парақтан басталғанын қаласаңыз, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, ақылды ұстаз тауып алыңыз. Ондай ұстаз сіздің айналаңыздан табылмаса, кітап оқыңыз, даналарымыздан қалған нақыл, шешендік сөздерге ден қоятын болсаңыз, психологиялық кітаптарға шолу жасап көрсеңіз өзіңізге керекті дүниені аласыз.

Шығармашылыққа жақын болыңыз

Сурет салыңыз, әңгіме жазыңыз, ақындық өнеріңіз болса, өлең шығарыңыз және де фотоаппараты барлар суретке түсіруге машықтанса болады. Өйткені шығармашылық адамның ойын дамытып, тіпті, өзі біле бермейтін қырларын ашуы да ғажап емес. Сондықтан да шығармашыл адам болуға талпынып көріңіз.

Шабыттаныңыз!

фото: 2.bp.blogspot.com

Ең алдымен өз-өзіңізге «Мені не шабыттандырады?» деп сұрақ қойыңыз. Егер ойыңызға ештеңе келмесе, балалық шаққа саяхат жасаңыз. Сонда сіз өзіңізді шабыттандыратын нәрсені табасыз. Мысалы, бала күніңізде сізге қандай іспен шұғылданған ұнайтын еді? Мүмкін ән айтқан шығарсыз, би-билеп, өлең оқыған сәттер есіңізге түсер, тіпті, суретші болуды армандаған боларсыз. Міне, осындай дүниелерді еске түсіріп, шабытыңызды оятыңыз. Бұл сіздің өміріңізге жаңа серпіліс сыйлап, жаңа қадам жасауға жол ашады.

Аударған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Дереккөз: happylifestyle.ru

Тағы да оқыңыз:

ҰРЫСҚАҚ ӘЙЕЛ қайдан шығады?

Балаңыздың БАҚЫТТЫ және ДЕНІ САУ болғанын қалайсыз ба? Онда...