Ақшаны күреп тапқың келсе, мыналардан бас тарт!

0
5 973

Көп ақша табу үшін кей нәрселерді құрбан ету керек.


Ақшаны күреп тапқың келсе, мыналардан бас тарт!

Табысы шығысынан артылып, молшылықта өмір сүруді әркім-ақ қалайды. Алайда ол қалауына бәрі бірдей жете алып жатқан жоқ. Өйткені табысты болуына тосқауыл жасап жатқан әдеттері, әрекеттері бар. Солардан арылса, ақша ағыны да ашылар еді.


«Салауатсыз» өмір салты

Өмір сапасы жақсы болуы үшін өмір салтының дұрыс болуы өте маңызды. Егер бір жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, ең алдымен денсаулығыңызды дұрыстаңыз. Ол үшін «салауатсыз» өмір салтынан бас тартып, салауаттылар қатарына қосылыңыз. Сонда ғана санаңыз сергек, ойыңыз ұшқыр, бойыңыз құштарлық пен қуатқа толы болады. Бұл қалыпта ойлағанды іске асырып, жеңіс пен жетістікке жету оңайырақ.


Қысқамерзімді мақсаттарға басымдық беру

Табысты адамдар назарын алысқа тігіп, биіктегіні көздейді. Ұсақ, қысқа уақытта, оңай орындалуы мүмкін мақсаттың соңынан қуып уақыт та, күш те шығындамайды. Оның орнына ұзақмерзімді, биік мақсаттарға басымдық береді. Соның жолында көп еңбектеніп, бар күшін соған жұмсайды.


Білім алуды тоқтату

Бір жоғары оқу орнын бітіріп, дипломды қолына алған соң көп адам «осымен болдым-толдым» деп, білім алуды тоқтатады. Әрі қарай тек осы алған білімін қолданып, сонымен қаражат тауып өмірін жалғауды жөн көреді. Оқуды ары қарай жалғастыруға немесе тағы бір мамандық игеруге ұмтылатындар санаулы. Қай жасқа келсе де үнемі ізденіс үстінде жүретін, ешкім міндеттемей-ақ жаңаның бәрін білуге талпынып тұратындар тіптен аз. Осы азшылық қана өмірде жетістікті, табысты жандар болып қалыптаса алады. Ал білім алуды тоқтатқандардың дамуы да, дәулетті болуы да екіталай.


Сәттілікке сену

Тек сәттілікке, аяқ астынан тауып алатын не төбеден түсетін байлыққа сену – ақымақтық. Ең бастысы өз мүмкіндіктеріңе, еңбегің мен күшіңе сену керек. Ал сәттіліктен үміттенуге ғана болады.


Мінсіздікке ұмтылу

Ешкім де, ештеңе де ешқашан мінсіз бола алмайды. Жер бетіндегі барлық нәрсенің әйтеуір бір кемшін тұсы табылады. Сондықтан өз қолыңыздан шығып жатқан әр еңбегіңізді мінсіз етем деп тырысу – уақыт пен күшті босқа жұмсау. Аса маңызды болмаса, болмашы ұсақ-түйекке көп уақыт пен күш жоғалтпаған жөн. Сонда діттеген межеге тез жетесіз.


Бірнеше кеменің басын ұстау

Бір уақытта бірнеше іс тындырам десеңіз, олардың көпшілігі сапасыз жасалатынына күмәніңіз болмасын. Бірнеше кеменің басын ұстау жұмыс өнімділігін 40 пайызға төмендетеді. Бұл ғылыми дәлелденген факт. Табысқа, жетістікке жеткізетіндей сапалы іс тындырғыңыз келсе, бар назарды бір шаруаға аударыңыз.


Телефон мен теледидар

ХХІ ғасыр адамдарына бұл екі құрылғысыз өмір сүр деу – балыққа құрлықта күн кешіп, құрдымға кет дегенмен бірдей. Алайда осы екі заттың көптеген нәрселерге зияны тиіп жатқанын екінің бірі мойындайды. Ендеше тым құрымағанда оларды қолдану уақытын шектеуге қалай қарайсыз? Әлеуметтік желілерге тек маңызды шаруамен, керек ақпаратты алу үшін ғана кіріңіз. Теледидардан да тек пайдалы бағдарламаларды іріктеп көріңіз. Сонда негізгі мақсатыңызға, табыс келтірер іске жұмсайтын біршама қосымша уақытқа ие боласыз.

Міне, табысты адам болу үшін осындай әдеттер мен әрекеттерді құрбан етуіңіз керек.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Қызыңызды ЕШҚАШАН бұлай АТАМАҢЫЗ!