Дипломсыз адам "ақымақ" па?

0
8 648

Дипломсыз адам - ақымақ па? Ал дипломсыз-ақ өзінің қабілет-қарымымен жетістікке жеткен адамдарды көптеп мысалға келтіруге болады. Кейде «таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деп тілеп жататынымыз да сондықтан болар, бәлкім?!


Дипломсыз адам

Табысқа жету үшін міндетті түрде диплом керек пе?

Ал ата-аналар не ойлайды? Үміт артып отырған ұл-қызының болашағы үшін шама-шарқына қарамастан, оларды оқытуға тырысады. Балаларының белгілі, беделді азамат болғанын, биіктерден көрінгенін армандайды. Алайда, кейде он бір жыл бойы алған білімін ары қарай жетілдіру үшін, қоғамға пайдалы азамат болуы үшін оқу да міндетті. Немесе дәрігер болғыңыз келді, ал дәрігер болу үшін міндетті түрде оқу керек.

Бірақ, дипломы жоқ адам екінші дәрежелі деп есептеуге асықпаңыз.

Дипломсыз адам - ақымақ па? Ал дипломсыз-ақ өзінің қабілет-қарымымен жетістікке жеткен адамдарды көптеп мысалға келтіруге болады. Кейде «таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деп тілеп жататынымыз да сондықтан болар бәлкім?! Теориялық білімнен гөрі, кейде практика жүзінде іс-тәжірибе алмасу барысында қабілетін ашып көрсете білетін адамдарды да көптеп кездестіруге болады. Өйткені, олар өздірен не қажет екендігін және қызығушылығы қандай екендігін жақсы білетін адамдар. Махаббатпен, сүйіспеншілікпен жасаған жұмыс міндетті түрде өзінің жемісін береді. Уақытты текке кетірмей, мақсатына талпынған адам міндетті түрде дипломның болуы маңызды емес екендігін жақсы түсінген.

Мысал ретінде дипломсыз-ақ өзіне керекті белесті бағындыра білген тұлғаларды айта кетуге болады:

Ричард Брэнсон -мектепті 16 жасында тастап кеткен, әлемге белгілі миллиардер.

Джим Керри - 16 жасында мектепті тастаған, әйгілі актер.

Кэмерон Диас та мектепті 16 жасында қалдырып, модель болуға талпынды.

Том Круз бен Джонни Депп - 15 жасында-ақ мектеппен қош айтысқан.

Аль Пачино 17 жасында мектептен қуылса, Райан Гослинг те сол жаста оқуды тастап кеткен.

ІКЕАның негізін қалаушы 17 жасында өзінің кәсібін бастап, мектепті аяқтамаған.

Генри Форд - 16 жасында үйінен қашып кеткен, мектеп туралы айтпасақ та болады. Бірақ, соған қарамастан ол машина ойлап тапты.

Тони Роббинстің орта білімі де жоқ, дегенмен, оның әрбір семинарларына 10000-нан астам адам қатысады.

Анжелина Джоли - әупірімдеп жүріп мектепті ғана аяқтаған.

Коко Шанельде орта білім де болмаған.

Уолт Дисней - сіздерге жақсы таныс шығар, ол да он бес жасында оқуды тастады.

Том Хэнкс - киноға түсу үшін университетті тастап кетті.

Шон Коннери де он бес жасында оқуын тоқтатқан.

Джорджио Армани - медициналық білім алғысы келеді, бірақ, екі жылдан соң тастап кетеді.

Квентин Тарантино 15 жасында, Роберт Фишер ол да 15 жасында мектепті тастап кеткенімен, әлемге әйгілі шахматшы.

Билл Гейтс - екінші курста оқып жүргенінде Гарвард университетінен қуылған.

Киана Ривз - орта білімі туралы аттестаты жоқ.

Стив Джобс - 6 ай әрең шыдап, колледжден кеткен.

Dell компаниясының негізін қалаушы дәрігерлік білім алып жүргенде аяқтамай 19 жасында оқуды үзген.

Джеймс Кэмерон - режиссер, жоғары білімі жоқ.

Марк Цукерберг - университетті тастап кеткен, анау-мынау емес, Гарвард университетін.

.....

Айта берсең, тізім осылай жалғасып кете береді.

«Жоғары оқу орнын бітірсем, қолыма диплом алсам, мен білімді адаммын» деп есептеуге, көңіліңізді тоқ етуге асықпаңыз. Жоғарыда айтылған өз ісінің майталмандары өмір сүру барысында, университеттің емес, өмірдің сабақтарын ала жүріп, «қызыл дипломға» бітірген жандар.

Адам диплом алдым деп тоқмейілсуге де болмайды, өмір бойы жаңа заманның көшіне ілесуге, білгеніңді дамытуға, жетілдіруге еңбек етуі қажет.

Ал соншама жыл уақытыңызды сарп етіп қолыңызға алған дипломыңыз сізге не берді? Мамандығыңызды дұрыс таңдадыңыз ба?

Егер де жұмысыңыздан ләззат алмасаңыз, өзіңізді қинаудың қажет жоқ, өзіңізге ұнайтын саланы таңдауға тәуекел етіңіз!

Гүлвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ