​Күйеуіңіздің мінсіз болғанын қаласаңыз - 6 АЛТЫН КЕҢЕС

0
2 460

Негізі ер азаматты өз ойыңдағыдай мінсіз етіп тәрбиелей аласыз.


​Күйеуіңіздің мінсіз болғанын қаласаңыз - 6 АЛТЫН КЕҢЕС

Ақылды, келбетті, қалталы, мейірімді, сондай-ақ мықты және өктем ер азамат барша қыздың арманы. Бұл армандар кейде орындалып жатады, ал арманы орындалмаған қыздар жақсы еркектің жоқ екеніне немесе қатал тағдырына налиды.

Алайда тағдыры қанша қиын болса да, екеуара ортақ тіл табысып бақытты өмір сүріп жатқан отбасылар аз емес. Ендеше ондай отбасыны қалай құруға болады? Ер азаматпен қалайша ортақ тіл табысқан жөн? Өзара үйлесімде болуға әйел қалайша әсер ете алады?


Күйеуіңізге айқайламауға тырысыңыз

Әйел затының кішкене жұмбақ екені белгілі. Біз өз ойымызды жұмбақтап, астарлап сөйлеп немесе қандай да бір іс әрекет арқылы білдіргіміз келеді. Ал егер бұл әрекеттен ештеңе шықпай ер-азамат түсінбесе, онда ашу, айқай басталады. Ал мұндай әрекеттер жиілеген сайын бір-бірін сүйген жандардың арасы алшақтай түседі.


Күйеуіңізді мәжбүрлемей, кішкене қу болыңыз

Қу адам ақылды жанға қарағанда көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Егер жолдасыңыз бір нәрсе істегісі келмесе, оған ренжіп, айқайлап соны істеуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Сол жұмысты өзіңіз істей салыңыз. Тек өте нашар етіп істеу керек. Ақылы бар ер-азамат мұның астарын тез түсіне қояды да жағдайды өзгертуге тырысады немесе сізге қарағанда жақсы істейтінін көрсету үшін іске кіріседі.


Тұспалдауды азайтып, тікелей айтуға тырысыңыз

Ер мен әйел тек қана физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан да әжептеуір айырмашылықта болады. Сондықтан мүмкіндігінше қыз-келіншектер ер азаматының алдында мақсатын айқын, нақты білдіріп, оны бөлім-бөліммен түсіндіргені жөн.


Мақтау сөздерді жиі айтыңыз

Жолдасыңызды үнемі сергітуге және оның ақылды екенін айтып, оны көрсетуге, білдіруге тырысыңыз! Жылы сөз кез-келген адамға жақсы әсер қалдырады. Мейлі ол үлкен бір іс тындырмаса да, кез-келген ұсақ-түйекке шын ықыласыңызбен рахмет айтып, жылы сөзіңізді білдірсеңіз, сізді ары қарай да қуанту үшін бар қолынан келгенін жасайтынына сеніңіз.


Ер азаматыңызға таңдау жасатып, шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз

Кейде әйелдер ер-азаматпен теңбіз деп, отбасына, өзіне қатысты шешімдерді өзі қабылдай салады. Алайда мұндайда «Менің үйде өз орным жоқ па? Бұл үйдің ер-азаматы кім?» деген реніш туындап, соңы ұрыспен аяқталуы мүмкін.

Ер-азаматтарға "былай жаса, былай істе" деген нұсқау, бұйыру мүлде ұнамайтынын ескеру керек. Отбасындағы соңғы шешімде де еркектің үлесі болуы керек. Сондықтан өз ойыңызды нұсқап емес, таңдау түрінде жеткізіңіз. Таңдауды міндетті түрде ер-азаматқа жасатыңыз. Сол кезде ол бәрін өзі шешкендей күйде болады.

Мысалы, ойыңызды «Отағасы, демалыс күндері балдарды паркке немесе шомылуға, болмаса төркінге апарып қайтайық» деп таңдау арқылы айтыңыз. Қай таңдауды жасаса да сізге қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Мұндай таңдаумен шешім қабылдату арқылы жолдасыңыздың отбасындағы дәрежесін көтеріп қоясыз.


Еріңізді қалай бар, солай қабылдап үйреніңіз

Әр адам жеке тұлға. Сондай-ақ әркім әртүрлі отбасында тәрбиеленгенін де ұмытпаңыз. Әркімнің өзінің әдеттері бар. Сондықтан сізге бірдеңе ұнамай, еріңіздің көзқарасын өзгерткіңіз келсе, онда ұрыс шығармай, жаймен оның өзіңізге ұнамайтын тұстарын айтып жеткізіңіз. Ортақ шешім табуға тырысыңыз. Кемшіліктері үшін айыптамаңыз.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ