​Күйеуіңіздің ЖОЛЫ БОЛМАЙ жүрсе, МЫНА 3 әдісті байқап көріңіз

0
8 766

Олар өзі туралы: «Мен өте ақылдымын, салмақтымын, кісіге зияным жоқ. Бірақ, менің қадірімді басқалар жеткілікті дәрежеде бермейді» деп ойлайды.


​Күйеуіңіздің ЖОЛЫ БОЛМАЙ жүрсе, МЫНА 3 әдісті байқап көріңіз

Соңғы кездері ғана емес, оның бұрыннан бері жиі жолы болмай, сәттілік жолықпай, істеп жүрген жұмысы да оңға баспай, кері кете берсе немесе жұмыс таппай, тапқан күнде де көп уақыт ол жерде тұрақтай алмай шығып кете берсе не істеу керектігін білесіз бе?..


Ол сәтсіздіктерге тап бола беруін өзінен емес, өзгеден көреді.


Достарының сатып кетуі, сенген адамдарының сенімін ақтамағанын айтып түңіле беруі де ғажап емес.


Оның өмірінде бір ғана сәттілік болған. Ол сізді өмірінде жолықтырып, үйленгені. Енді оның өміріндегі сәтсіздіктерді жойып, өзгеруіне көмек бере аласыз. Сәтсіздіктер не үшін жолына кедергі болатынын оған түсіндіріп көріңізші...


МЫСАЛЫ:

Ол өзіне лайықты жұмыс таппай, бос сенделіп жүргеніне де міне алты айдың көлемі болды. Әуре-сарсаңға түсіп, табанынан тозса да алдынан бір жылт еткен сәуле байқалмады. Неге екенін, қандай жұмысқа жолықпасын, бәрібір оған бір жері ұнамай тұрады немесе жұмысы көңіліне ұнаса, оған төленетін жалақысы көңіл көншітпейді. Оның қалтасында екі бес жүздіктен басқа артық ақша жүрмейді. Оны да күнделікті жолақысына да қаражатты сіз беріп тұрасыз.


Егер оған 40-50 мың теңге жалақысы бар жұмыс ұсынылса, ол өзін кемсітіп, мазақ етіп жатқандай қабылдайды. Өйткені, ол өзін теңдессіз адам ретінде көреді, бірақ, бұл оны «бағалай алмайды». Осылай жүре беріп жұрттың барлығынан қарыз болып бітеді. Ал, ол қарызды сіз төлеуге мәжбүр боласыз. Әрине, сіз бұған ашуланбай тұра алмайсыз.



Егер сіз оны шын сүйсеңіз, оған көмектескіңіз келсе, оның бұл «дертінен» айығуына көмектесіңіз!


Нали беретін еркекті райынан қайтаратын үш қадам

Күйеуіңізді өз бетінше қалдырып қоймаңыз, яғни, «не істесең де өзің біл!» деп қолыңызды сермемеңіз. Өйткені, «тұзы жеңіл» адам ажырасуыңызға себеп емес. Бірақ, аздаған мейірімділік пен біраз «қатыгездік» танытып, көңіл аудармау (оған тиімді болатын тұстарын да ойлаңыз) сіз үшін өте қажет.


1. Кешкі ас үстінде немесе бастарыңыз қосылған кезде дастархан басында отырсаңыз да «енді мен саған асыраушы бола алмаймын» деп ашық айтпасаңыз да, жанамалап, тұспалдап осы сөзді жеткізіңіз. Бір рет айтылған осы сөздеріңізден соң, әлбетте ол өзгеріп кете салмайды. Әдеттегідей «пәлсапасын» соғып, наласын да жеткізуі мүмкін. «Барлығы мені көре алмайды, барлығы жаман, тырнақ астынан кір іздеуге шебер» деп өзгелерді айыптап отырса да ашуыңызды басып, сабыр сақтаңыз. Мұндайда оған ұрсып, ақыл айтудың қажеті жоқ. Одан да «мен жұмыстан шаршап келемін, сізден қуанышты, жақсы әңгімелер естігім келеді. Бұл менің көңілімді сергітіп, шаршағанымды басады» деңіз.

Әлбетте, бұл сөзіңізге күйеуіңіз қатты ренжуі мүмкін, себебі ол өзінің «масылдығын» бетіне басып отырғандай сезімде болады. Сонда да араға күн салып, осы сөзіңізді ол әдеттегі әуенін бастағанда түрлендіріп айта беріңіз. Әсер етпей қоймайды.


2. Күйеуіңіз үшін сіз АНАСЫ бола алмайтыныңызды түсінуі қажет. Осыны түсінген соң ғана оны басқа жауапкершіліктеріне «үйрете» аласыз.

Мысалы: «Отағасы, егер уақытша жұмыс таба алмай жатқан болсаңыз, қазірше маған көмектесіңіз. Мен жұмыстан келгенше үйдегі жұмыстарды атқарып, кешкі асты дайындап қойыңызшы. Мен жұмыстан шаршап келгенде қандай да бір көңілімді көтеретін бірдеңе жасаңызшы!» деп өтінуге болады. Еркек үшін үй шаруасын істеу деген абыройсыз қалдыратын шаруа.

Сондықтан тез арада жұмыс тауып кетуге асығады.


3. Отағасымен бірге оның қандай қателіктер жіберіп отырғанын, неліктен сәтсіздіктер жолына кедергі бола беретінін талқылауға ерінбеңіз. Себебін тапсаңыз, оның санасына әбден орнығып қалған «мен өмірге жолы болмаған адам болып келгенмін» деген түсінікті алып тастай аласыз.


Нәтижесінде ол да өмірге тереңірек үңіле бастайды, сіздің де өміріңіз бұрынғыдан жеңілдей түспек.

(суреттер ашық дереккөзден алынды)

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Келін неге КЕТІП қалады?


Барған жеріне СЫЙЛЫ болатын ҚОНАҚТЫҢ 7 белгісі