Күйеуіңізге ақыл қосқыңыз келсе 4 ҚҰПИЯНЫ біліңіз!

0
4 641

Еріңізге кеңес бермес бұрын оның дұрыстығына көз жеткізіңіз


Күйеуіңізге ақыл қосқыңыз келсе 4 ҚҰПИЯНЫ біліңіз!

Суреттер: ERNUR.KZ.

Егер ер адам әйелінен, яғни сізден кеңес сұраса біліп қойыңыз, қандай ақыл-кеңес берсеңіз де өзіңіз ұтыласыз. Сондықтан, алдымен еріңізге кеңес бермес бұрын оның дұрыстығына көз жеткізіңіз. Егер еріңізге қосқан кеңесіңіздің нәтижеге жеткізеріне күмәніңіз болса, асықпаңыз.

«Менің білуімше», «осы жағдайды да ескеріп көріңіз», «сіз дұрыс деп тапқан іс міндетті түрде жетістікке жеткізеді» деген сөздермен жігерлендіріп отырсаңыз, ең тиімді жол осы болмақ. Өйткені, соңғы шешімді қабылдауды ер-азаматтың еншісінде қалдырсаңыз, жүзеге асқан ісінің нәтижелі болары анық. Ал егер де ойлағанындай болмай шықса, ол сізді тікелей кінәлі деп танымайтындай болғаны жөн.

Бірінші нұсқа: Сіз жақсы кеңес бердіңіз, ол құлақ асты. Сөйтіп ісі алға жүрді. Бірақ, мұндай жағдайда әрбір ер азамат үшін маңызды болған «ісінің алға басып, жолының болуы» деген сезім болмайды. Өзіне көңілі толмайды. Өйткені, оның ішкі сарайы, жан-дүниесі кемелденбейді. Бұл шешім үшін ол барлық жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Сондықтан, ол өзінің жеңісіне әйелінің де үлесі көбірек деп ойлайды.

Екінші нұсқа: Сіз дұрыс кеңес бердіңіз, бірақ, ол құлақ асқан жоқ. Мұндай жағдайдың соңында пайда болатын көрініс мынау:

Күйеуіңіз сізден алыстап бара жатқанын байқайсыз. Оның себебін іздеп дал болудың да қажеті жоқ. Өйткені, оның еркектік болмысына дық түсті. Әйелінің ақылы өзінен гөрі үстем екендігін сезінген кезде еркек шыдамсыздыққа салынып, мазасыз күй кеше бастайды.

Оған ештеңе айтпасаңыз да «әйелім ішінен «мен айтым едім ғой саған. Менің айтқанымды тыңдамадың, көрдің бе не болғанын?» деп табалайды» деген күмәнмен өмір сүреді. Сол себептен ол әйелінен еріксіз түрде алшақтай бастайды.

Егер сіз қапелімде осы сөзді айтар болсаңыз, онда оны өзіңізден біржола алыстата түсесіз. Оның көз алдында әйелдік нәзіктігіңіз бен қылығыңызды да, барлығын да жоғалта бастайсыз.

Үшінші нұсқа: Сіз оған жамандық жасайын деп ойлаған жоқсыз. Бірақ, сіздің берген ақыл-кеңесіңіз қате болды. Күйеуіңіз сіздің айтқаныңызбен жүремін деп сәтсіздікке ұшырады.

Мұндай жағдайда ол барлық жауапкершілікті сіздің мойныңызға арта салады.

«Сен сияқты ақымақ әйелдің айтқанымен жүремін деп мен осындай жағдайға душар болдым. Сенің кесіріңнен сәтсіздік менің маңайымнан айналшықтап шықпай қойды» деп сөгеді. Әлбетте, мұндай жағдайда күйеуіңіздің өз ішкі үніне құлақ аспағаны үшін оның өзін кінәлау ешқашан пайда бермейді. Бұл туралы сөз қозғаудың да енді жөні жоқ.

Төртінші нұсқа: Сіз қате пікір қостыңыз, кеңесіңіз дұрыс болмады. Бірақ, күйеуіңіз сіздің айтқаныңызды істемей, өз бетінше әрекет етті. Сонымен қатар, бұл өз ісіне пайда әкелді. Яғни, күйеуіңіз сіздің «ақылыңызға» бағынбай, өз дегенімен сәттілікке қол жеткізді.

Мұндай жағдайда әрине, ер-азаматтың өз-өзіне көңілі толады. Бірақ, әйелі туралы пікірі өзгереді. Сізді төмендетіп, ақыл-ой турасында сіздің қабілеттеріңізді мойындамайды және үнемі сіздің пікіріңізге немқұрайлы, әрі күдікпен қарайды. Сіздің дұрыс кеңес беретініңізге сенбейді, үнемі сенімсіздік танытады.

Бұл сізге керек пе? Не істеу керек? Сонда күйеуіңізге «жақсы болсын» деген оймен ешқашан кеңес бермеу керек пе?..

Кеңес беру керек. Бірақ, есте сақтаңыз, әйелдің күйеуіне беретін кеңесі тап уәзірдің патшаға беретін кеңесіндей болуы тиіс. Уәзір патшаға ақылдасу үшін керек. Егер ол қате кеңес берсе, басынан әп-сәтте айырылу қаупі төніп тұрғанындай, әйелдің де күйеуіне қате кеңес бергені үшін күйеуінен айырылу қаупі төне түспек дегенді білдіреді.

Ешқашан патшаға немесе күйеуге нені қалай істеу керектігін үйретуге болмайды. Мұндайды ешбір еркек жақтырмайды. Тек қана керек жерінде өзі-ақ сіздің пікіріңіз маңызды деп тапса міндетті түрде ақылдасатын болады. Сондайда істің қалай атқарылуы туралы емес, тек өз ойыңызды ғана қосып, шешімді өзіне қалдырыңыз. Соңғы нүктені өзі қойып, бастаған ісін аяқтау жемісті болсын, болмасын ер-азамат сізді кінәламайтын болсын. Егер сәтсіздікке ұшырап жатса, мұндайда ер-азаматтың ұнжырғасы түсіп кетпеуін қадағалаңыз.

Өйткені, өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Ақ пен қара жолағы алмасып келетін өмірді ер-азамат түсінсе де жағдайды қабылдауы әйелдерге қарағанда өзгешелеу. Тауы шағылған сәтте қасында болып, қолдауыңызды аямаңыз.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ