​Некеге сызат түспеу үшін МЫНА қателіктерден аулақ болыңыз

0
2 313

Қазір әлемде қылмыс азайып, керісінше тұрмыстық жанжалдардың көптеп орын алып, ажырасуға бел буғандар саны көбейіп кеткен.


​Некеге сызат түспеу үшін МЫНА қателіктерден аулақ болыңыз

Адамдар отбасын құрғанда өмірінің соңына дейін бірге қол ұстасып бақытты өмір сүретін екінші жартысын тапқанына сенімді болады. Бірақ көп жағдайда жап-жақсы, бір-бірін сүйіп қосылды деген жандар некелерін бақытты ете алмай, отбасылық өмірлерін тура жолға қоя алмай жатады.

Осы тұрғыда бақытты болып, отбасылық өмірді ретке келтіруде, шаңырақты шайқалтпай ұстап қалуда бірнеше қажетті кеңестер ұсынбақпыз. Ол үшін жалпы отбасылы жандардың некесіннің бұзылуына себеп болатын негізгі басты қателіктерді болдырмауға тырысу қажет.


Жұбайының сөзіне аса мән бермеу

Отбасын құрғаннан соң көп жұбайлар бір-бірінің сөзіне мән бере бермейді. Отбасындағы жайттарға екеуі де түсіністікпен емес өзінің жеке көзқарасымен қарайды. Осыдан келіп екеуі бір-бірін түсінбеуі, некесіне риза болмауы басталады. Некесіне көңілі толмай жүрген жан өзінің өмірлік серігі туралы дұрыс ойлап, бағалай алмайды. Жолдасының әрбір жақсы ісінен құпия астар іздеп, қандай да бір мәжбүрлікті көріп отырады. Мысалы, екеуара реніштен соң тәтті әкелсе немесе жылы сөзін арнаса «арнайы маған алды дейсің бе, өзінің де жегісі келген шығар», «қарны ашқан соң әйтеуір жағыну керек қой» деген т.б бөтен ойлар мазалайды.


Барлық мүмкіндік ішіндегі ең нашарын таңдау

Отбасылы болғаннан кейінгі ренжісу, ерлі –зайыптылардың бір-біріне деген ойын өзгерте бастайы. Сондықтан да ыдыс –аяқ сылдырынан соң кездейсоқ болған жағдайлардың барлығынан ең нашар жағын көреміз. Мысалы, ерлі-зайыптылар ренжіскен соң, жолдасы телефон тұтқасын көтермеді. Мүмкін ол қоңырау даусын естімеген болар немесежұмыста, жолда тұтқаны көтеруге мүмкіндігі болмаған шығар. Бірақ мұндай кезде ерлі –зайыптылардың қай-қайсысы болмасын бірден ең жаман ойға беріліп, «ренжіскен соң маған қырсығып әдейі алмай отыр» -деп ашуы одан ары өрши түседі.


Өзімізді ақтап аламыз

Әрбір адам өз әрекетіне түсінікті, қисынды, жүйелі себептер тауып түсіндіре алады, бірақ тура солай жасаған жұбайынан ондай себеп көре алмайды, оның әрекетін мінезінен көреді. Мысалы әйелінің үздіксіз телефонмен сөйлескенін немесе әлеуметтік желіде отырғанын, ер азамат «мен оны баяғыдай қызықтырмаймын, маған дұрыс көңіл бөлмейді, т.б » түрлі ойлармен елестетіп көреді. Ал шын мәнісінде, ол миын тынықтыру үшін ғаламтор ақтарып, өзіне қызықты жайттарды іздеп көруі мүмкін немесе құрбысымен, анасымен біраз әңгіме айтып ойын сергіткен болар.

Ерлі-зайыптылар неғұрлым өз әрекетінен оң іс көріп, жұбайының әрекетін теріске бағаласа, онда ісі теріске айналған жан өзін бұл некеде бақытсыз сезіне бастайды.


Некені сақтап қалу үшін не істеуге болады?

Ең алдымен жұбайының әрбір әрекетіне, ісіне оң көзбен жақсы жағынан қарап үйрену керек. Бұл екі жақты да қуантады, орынсыз ұрыс-керістен де аулақ етеді. Мысалы, әкелген гүлден, тәттіден қандай да бір астар іздемей, тек шын көңілден қуана білу қажет. Ал әйелі телефон шұқылап, ғаламтор ақтарса, ер азамат жұбайым одан қызықты, өзіне қажетті нәрсе іздеп жатыр дептүсіністікпен қарағаны жөн.


Көңілді жүру

Өмірдегі болмашы нәрселерге түңіле қарап, сырттағы бүкіл нашар энергияны үйге әкелудің қажеті жоқ. Себебі өзгеге ренжіп, жұбайына айқайлап немесе тырысып жақ ашпай «таз ашуын тырнадан аладының» кебін киетіндер де көп. Үйге күліп кіріп, қуанып жүру керек. Бұл отбасының бақытын еселей түседі. Әрине, үнемі бұлай жүре де алмаймыз, арасында ренжісіп те үлгереміз, тек содан ары қарай ренішті өршітпей, әзілмен, қыз-келіншектер назды күлкісімен реніштің ізін де қалдырмай жіберуге болады.


Ешқандай жеңіс керек емес

Отбасында бақытты болу үшін мінсіз болудыңқажеті жоқ. Себебі адамның өмірі кемшіліктермен, қателіктерден алатын сабақтарымен мәнді. Ренжіскен соң сөзі тура шыққан жан мен жеңдім деп асқақтамауы керек. Себебі – ол сіздің сүйіп қосылған жарыңыз, жауыңыз емес. Сондықтан ерлі-зайыптылар арасында «мен жеңдім » деген түсінік болмауы керек. Ерлі –зайыптылар қандай реніш болса да бір-бірін жақсы көретінін, өздерінің одақтас екенін,мәселені жауласпай бірге шешу керектігін естен шығармағаны жөн.


Жолдасының сөзінің, іс-әрекетінің дұрыс екенін мойындау

Бақытты отбасындағы адамөзіне айтылған сын үшін өзін ақтап, қорғап, дәлелдеп жатпайды, бар болғаны кешірім сұрайды.


Кешіре білу

Бақытты отбасындағы жандар жолдасының қателігін айдан анық көріп тұрсада, айқай-шусыз «жағдай солай болып қалған шығар» деп арадағы келеңсіздікті жойып жіберуге тырысады. Ал қателескен жан өз айыбын мұндай сөзден кейін тез-ақ түсінсе керек.

Жоғарыда аталғандардың бәрінен жинақтап, жасалатын қорытынды: бақытты некеде тұрғыңыз келсе, өзіңізді сол бақытта өмір сүріп жүргендей ұстаңыз және ол бірте-бірте солай болады да. Отбасындағы көп жағдайды тағдырға артып қоймай, оның негізіне өзіміздің себеп болатынымызды ұмытпағанымыз жөн. Отбасының бақыты бірін бірі сүйген, түсінген ерлі-зайыптылардың қолында.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ