​Өміріңізді ТЫНЫШТЫҚта өткізуді қаласаңыз 7 ШАРТты орындаңыз!

0
3 819

"Мені күйеуім ғана емес, енем, қайынәпкелерім де ұрады. Неше рет жылап-сықтап, төркініме де кетіп қалғанмын. Пайдасы болмады"...


​Өміріңізді ТЫНЫШТЫҚта өткізуді қаласаңыз 7 ШАРТты орындаңыз!

Төмендегі шарттарды сіз қаншалықты дұрыс орындап жүрсіз? Осы сауалдарға жауап тапқан кезде өміріңіз тыныштыққа бөленетініне сенсеңіз болады.


1-шарт: Қазандағы асыңыз күйіп, түбіне қаспақ жабыспау үшін оны қараусыз қалдырмау және отты бәсеңдету немесе өшіру керектігін жақсы білесіз. Мәселелерге де жылдам әрі оңтайлы шешім қабылдай білуді де үйренуді ұсынар едік.

Отағасы, жұбайыңызға қол көтересіз бе, бұл өсіп келе жатқан балаларыңыздың тағдырына ізін қалдыратынын ұмытпаңыз. Ұлыңыздың келініңізді төмпештейтіні сіздің жүрегіңізге батпайды емес, ал, қызғалдақтай етіп өсірген қызыңыздың тағдыры осындай ожар еркектің қолына түссе қалай болар ойлап көрдіңіз бе?!

Аналар, «ерінен таяқ жемейтін әйел жоқ», «барлық еркек бірдей», «мынадай мінезіңмен күйеуіңнің жұдырығының астында қаласың» деген секілді «насихат-ақылдарыңызды» бойыңыздан асыра лақтырып тастаңыз. Гүлдей құлпырып өсіп келе жатқан қызыңыздың санасын мұндай сөздермен уламаңыз!


2-шарт: Әйел отбасында күйеудің «әйелді күш арқылы бағындырып тәрбиелеймін» деген ұстанымына қарсылық таныта алуы тиіс. «Мен сіздің тоқпағыңыздың астында қалу үшін емес, тыныш, мейірім мен махаббатқа толы отбасын құрамын деп келдім. Сіздің маған деген дөрекі қарым-қатынасыңызды қабылдай алмаймын» десеңіз, сөзге түсінетін ер-азаматты да райынан қайтаруға болады.


3-шарт: Қорықпаңыз. «Мені күйеуім ғана емес, енем, қайынәпкелерім де ұрады. Неше рет жылап-сықтап, төркініме де кетіп қалғанмын. Пайдасы болмады. Еншімізді алып, бөлек шыққан соң тынышталып қалдық. Бірақ, қара шаңырақта қалған абысыныма қол көтеру тұрмақ, қатты сөз де айта алмайды. Өйткені, оның аярлығы, қулық-сұмдығы молдау...» деген бір келіншектің сөзі есімде қалыпты.

Кейін білгеніміздей, абысынының ешқандай «аярлығы да, қулық-сұмдығы да» жоқ. Ол жәй ғана өз құқықтарын білетін, өзіне сенімді келіншек. Жаңағы күйеуі тұрмақ, енесі мен қайын әпкесінен де таяқ жеп жүрген келіншек секілді енесі мен қайынәпкесінің іш киімдерін жуып бермейді, жаны ауырып, қиналып жатса, енесінің сөзінен аспаймын деп дәрігерге бармай қалмайды. Ерінің де, енесінің де алдында өз құқықтарын білдіре алған. Залым ене мен қайынәпкелері де түсінген, екінші келін біріншісіне қолданған тәсілдерді өзіне қолдануға жол бермейді.

Сондықтан, ештеңеден қорықпаңыз!



4-шарт: Қарым-қатынастарыңызға көз жүгіртіп көріңізші?! Еріңіз қашан, қандай жағдайда сізге тәрбие жайлы сабақ өткізгісі келеді? Қол көтеруге себеп іздей ме? Қандай кезде?

Таптыңыз ба? Күйеуіңіздің қандай жағдайда сізге жұдырық жұмсауға оқталатын кезін сезген болсаңыз, оның көзіне көрінбеуге жағдай жасаңыз.

Білегінде күші көп бегіңіздің ашуы тарқап, сабасына түскен соң сөйлесуге мүмкіндігіңіз бар. Бірақ, шегіңізден аспаңыз, сонда ғана ол өзін басқара алады.


5-шарт: Кінәліні іздемеңіз. Сіз «күйеуім негізі жақсы адам. Бірақ, ол анасының сөзіне еріп, мені ұрады» деуіңіз мүмкін. Бұл сөзіңізбен еріңізді ақтап, енеңізді кінәлі ету арқылы күйеуіңіздің ары қарай да сізге дөрекілік таныта беруіне жол ашасыз. Енеңіздің сізге деген қарым-қатынасын ысыра тұрып, күйеуіңізбен сөйлесіп алыңыз. Жолдасыңызбен ортақ мәселелерді өзара келісіп алуға болатынына сендіріңіз.


6-шарт: Қандай болмасын, ер-азамат спортқа жаны жақын болады. Сондықтан, әйел мұны түсінуі керек. Егер сіз күйеуіңіздің қызығушылықтарына «шектеу» қоймасаңыз, ол бар ашуын сізден алмайтын болады. Бойындағы артық күш-жігерді спортқа жұмсаса, ұсақ-түйек әйелдердің ісіне араласпайтын болады.

Анасы әйелінен наразы болса, бастығынан сөгіс алып қалса да оның нәзік көңілі ашуға бірден бой алдырмай, өзін дұрыс тұта біледі. Өйткені, спорт - денсаулық кепілі.

Өзіне деген сенімі артып, жаман әдеттерден бойын аулақ салады. Еріңіздің бойындағы осындай жетістіктерді көргенде сізге мазасыздануға да себеп жоқ.


7-шарт: Отбасылық отырыс ұйымдастырып, қонақ шақырып, қонаққа жиі барып тұрсаңыздар, сіздердің араларыңыздағы жақындық беки түспек. Бір-біріңізді болмашы себептерге бола айыптамай, көзқарастарыңыз, таным-түйсіктеріңіз ұсақ-түйекке бекерге сарп болмайды.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқи отырыңыз:


Баланы ЕҢБЕККЕ БАУЛУ үшін қызықтыра алу керек


Күйеуден таяқ жеу: ӘЙЕЛ тілінен таба ма әлде ЕРКЕКТІҢ жүйкесі бұзылған ба?