Өмірдің мәні - өзіңді өзің түсінуде!

0
17 134

​Адам өзін өзі танымаса, өз өмірінің қандай екенін түсінбейді. Өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін біле алмайды. Сондықтан, адам өзін өзі зерттеп, толық таныған жағдайда ғана айналасындағыларға сүйіспеншілікпен қарап, қол ұшын беруге даяр тұрады. Қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауға үйренеді.


Өмірдің мәні - өзіңді өзің түсінуде!

Адам өзін өзі танымаса, өз өмірінің қандай екенін түсінбейді. Өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін біле алмайды. Сондықтан, адам өзін өзі зерттеп, толық таныған жағдайда ғана айналасындағыларға сүйіспеншілікпен қарап, қол ұшын беруге даяр тұрады.

Қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Жасөспірімдер үшін орасан пайдасы бар өзін өзі тану пәнінің де мектеп бағдарламасына енгізілгені болашақ ұрпақтың қамын ойлағандық.

Өскелең ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып, жалпы адамзаттық құндылықтарға баулиды.

Қоғамдағы және адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасына қарап, құндылықтардың қайта жаңғыруға негізделуі үшін өзгеріс керектігін түсінуге болады. Өйткені, рухани байлықтың арқасында ғана нағыз игіліктерге қол жеткізу мүмкіндіктеріміз жоғары.

Адамның өзін өзі тануын балабақшалар мен мектептерден бастасақ, жас жеткіншектердің бойына жақсы қасиеттерді сіңіру өмірлік жол салып береді.

Бүгінгі күні жасыратыны жоқ, балалар мен жасөспірімдердің де компьютерлер мен түрлі гаджеттерге тәуелді болып бара жатқандығы алаңдатпай қоймайды. Жаңа ғасыр, мобилді ғасыр болса да, осы тәуелділіктің кейде зардабын тартып жатамыз.

Ғаламтордағы ақпарат қауіпсіздігі мәселелерін талқылап, бір жүйеге қою үшін де білім беру саласындағы қызметкерлер жұдырықтай жұмылып, бірлесе жұмыс істеуі қажет-ақ.

Жас жеткіншектердің компьютерлік ойын ойнап қан қоймай, өзіндік танымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастыратындығы алаңдатарлық жағдай болып тұр. Мұндай тәуелділік бүгінгі күні балалардың мінез-құлқын өзгертіп, танымын тежейді. Қызығушылығы мен айналасындағы адамдармен еркін араласуын тежеп, өзгенің мұң-мұқтажын түсінбейтін, адамгершілік қасиеттерден де ада етіп бара жатқандығын айтпасқа тағы да болмайды.

Бұл мәселе тек қана мектеп аясында, білім ошақтарының айналасында ғана емес, бүкіл қоғамның шеңберінде жүзеге асуы тиіс. Ұлдың ұлағатты, қыздың қылықты болып өсуі алдымен ата-анаға, отбасындағы тәрбиесіне тікелей байланысты болғанымен, қоғам өміріне араласқан шақта айналасындағы адамдардан өзіндегідей мейірімді көре алмаған адам еріксіз қатыгездене бастайтынына да өмірдің өзі дәлел.

Әрбір жаста, әрбір кезеңде өмірге әртүрлі көзқараспен қарауға болады. Бірақ, өміріміздің мәнді, мағыналы болуы өз қолымызда. Парасатты адам болып қалыптасу үшін ақыл ішкі тыныштықпен үйлесуі керек, сонда ғана адам дұрыс шешім қабылдай алады.

Барлық адам баласына ең бірінші керек нәрсе ол имандылық. Ал өзіңді өзің тәрбиелеу, өмір талабына сай шыңдау ол өзіңді өзіңе бағындыру. Әр адам әр түрлі болады. Сондықтан, өзіңе тән өзгешелік бұл кемшілік емес. Ең бастысы жаныңдағы адаммен сеніммен араласу және сыйластықтың жағымды болуы. Кешірімді бол, жақын бол.

* «ЕГЕР, естілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір , ең болмағанда айында бір өзіңнен өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен?.. Өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» Абайдың сөзі бұл.

Абайдан артық жеткізіп бере алмаспыз. Өзіңді тәрбиелеуді, өзіңе билік көрсетуді кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ, қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру- еркі, қайраттың бірінші бұлағы.

Гүлвира ЖҰМАДІЛДАЕВА.

ERNUR. KZ.