ТӨРТ қағиданы ұстанған ЕНЕ мен КЕЛІН ешқашан ренжіспейді

0
13 272

Ол отбасыда ешқашан кикілжің де орын алмайды.


ТӨРТ қағиданы ұстанған ЕНЕ мен КЕЛІН ешқашан ренжіспейді

Ене мен келін арасы туралы әңгіме көп. "Ене жамандау" мен "келін жақтырмау" қазірде тренд сияқты. Әрине, ақылға салып, өз күйеуінің анасын, немерелерінің әжесіне тіл тигізбейтін ақылды да дана келіндер де жетерлік. Сол сияқты, ""жақсы жерге түскен келіннің келін" екенін тереңнен түсінетін енелер де бар.

Десек те, ене мен келін туралы жағымсыз әңгімелерді көп еститініміз де шындық екеніне шүбә жоқ шығар. Әлбетте, бір-бірін туыстықтың арқанымен мәңгіге байлаған осынау жандардың арасы жақсы болса, балаға да, анаға да, жалпы айтқанда отбасы үшін берекенің ұйығаны.


Ертерек өткен заманда өте ақылды және әділетті әйел өмір сүрген екен. Ол әйелдің екі ұлы болыпты. Әйел перзенттерінің амандығы мен болашағы үшін дұғада болып, олардың өмірлерінде салихалы, адамгершілігі мол келіндердің жолығуын тілеп, сол келіндерінің отбасын берекеге толтыруын армандайды екен.


Ұлдары ержетіп, үйлендіретін шаққа жеткенде, ол болашақ келіндерін таңдауда мұқият зер салып жүреді. Күндердің күнінде үлкен ұлы отбасын құрып, үйленеді.

Той жасап, ұлының отау құруына арнап,ағайын-туысты, жақындарын жинап, атап өтеді. Тойдың ортасында әйел жаңа түскен келінін алдына шақырып алып:

- Қызым, бүгіннен бастап, көзімнің нұры, ағы мн қарасы осы ұлымды саған аманаттап тапсырамын. Оны бар жамандықтан қорғап, осы күнге жеткіздім. Қазір ойлап отырмын, мен оны сен үшін өсірдім. Сені бақытты ету үшін мен ұлымды тәрбиеледім.

Мен оның анасымын, ұлым үшін мен әлемдегі ең жақын адаммын. Оған өмірімді бағыштадым. Қолымнан келген барлық жақсылықты беруге тырыстым.

Мұның барлығы не үшін, білесің бе?


Бір сәт келіннің жүзіне сұраулы жүзбен қараған ененің сұрағына келіні үнсіз басын шайқады.


Алдымен, еріңнің разылығын ал!

Өмірде жалғыз ғана тілегім, бауыр етімнің бақытты болғаны еді. Өзім қаншалықты қиналсам да баламның қиналмағанын, жанына жара түспегенін және оның бақытсыз болып қалуына өзімнің себепші болып қалмауымды Алладан сұрадым.

Өйткені, мен әйелмін! Қазақ деген ұлттың өркен жаюына үлес қосқан аналарымыздың ізін жалғастырған әйелмін. Жүрегіне иман ұялаған барша әйелдердің тілегі бір. Тілегіміз бен жүрегіміз баламыздың үстінде.

Бұл өмірде адаспау үшін жақсылардан өрнек алдым, бейхабар болғанымды білуге ұмтылдым. Жылдар бойғы ізденгенімнің нәтижесінен ұққаным, ешбір Құран, хадисте әйел ата-енесіне қызмет қылсын деп жазылмапты, оларды бақытты ету әйелдің міндеті.

"Қазан-ошақ, кір жуудан босамасын, әрдайым енесінің сызған сызығынан шықпасын. Ененің көңілін тауып, оны «разы етемін» деп жүріп, күйеуіне көңілі жетпей, ара-қатынастары бұзылып кетсін" деп те жазылмаған екен.

Керісінше, еріңнің разылығына бөлен, еріңнің рұқсатын ал, еріңнің хақы делінеді.

Ата-енең бір істі бұйырған болса да күйеуіңнің рұқсатын ал.

Бұл үйге де сен мен үшін емес, ерің үшін, менің ұлым үшін келдің. Сондықтан, ең маңызды және басты міндетің күйеуіңнің разылығын алу, еріңнің қызметінде болу.

Бұл жолда саған ешкім де, ештеңе де тосқауыл болмауы шарт.


Еріңнің анасына қызмет етуіне тосқауыл болма!

Енді, ата мен енеге келсек, олар еш жерде айтылмаған. Сондықтан, ата-ене деген бөлек тұлғалар емес.

Бұл өмірде тек қана ӘКЕ және АНА бар. Яғни, ата мен ене - бұл әке мен ана болмақ. Яғни, әкең мен анаңа қандай мәміледе болсаң, атаң мен енеңе де сондай мәміле орнатуың тиіс.

* Қай перзент туған ата-анасына амалсыздықтан немесе мәжбүрліктен қызмет етеді?

* Қай перзент ата-анасын құрметтемейді?

Керісінше, әрбір перзент ата-анасына алғыс білдіріп, мейіріміне бөлеуге тырысады. Жүрегіндегі осы махаббатпен қызмет етуге дайын болады.

Күйеуің ұнатқанды сен де ұнатуға тиіссің!

Мынаны ұғынып ал, мен осы кезге дейін сенсіз өмір сүрдім. Әрдайым өзіме сендім және Аллаға сүйендім. Маған сенің алдымда зыр жүгіріп қызмет еткенің де керек емес. Мен осы кезге дейін атқарып келген жұмыстарды әлі де атқара аламын. Сен бұл үйге ең алдымен маған емес, ұлыма қызмет етуге келдің. Бұл дегенім, тек қана ұлымның көңілін тапсаң болды деген сөзім емес, бірақ, «мұны істемесем, енемнен бәлеге қаламын» деген қорқыныш болмасын жүрегіңде.

Егер рұқсат сұрау керек болса, алдымен күйеуіңнен сұра. Егер сен менің ұлымды шын жүректен сүйген болсаң, ол жақсы көретін, ол ұнататын, ол қадірлейтін барлық затты, барлық адамды жақсы көруің керек. Ал, ұлым анасын жақсы көрсе, демек, ұлымның жақсы көретін адамы ретінде сен де мені құрметтей білсең, ұлымның саған деген махаббаты артады.


Күйеуіңнің жақындарын сыйлауға міндеттісің!

Оның жақындарына Алла разылығы үшін құрметпен қара, қадірле, сыйла!

Ененің айтқан ақылдарына құлақ асатын келін болса, ене мен келіннің арасында дау да болмайды, күйеуімен де бақытты өмір сүруге кепілдік де мол болады.


Міне, осындай ақылға сүйенген келіннің де, ененің де отбасында ешқандай мәселесі болмаса керек. Аз ғана ғұмырды қиындатпай, мейлінше жеңілдетіп, қабақты кірбің шалдырмай өмір сүргенге не жетсін?!

(иллюстрациялық суреттер ашық дереккөзден алынды)

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әйеліне РЕНЖИ БЕРЕТІН отағасына арналған 10 КЕҢЕС


Себепсіз ЖЫЛАЙ БЕРЕТІН балаға МЫНА ЫРЫМДЫ қолданып көріңіз