Ұл-қызыңыздың әңгімесін тыңдайсыз ба? (ТЕСТ)

0
6 860

Олар сізді, сіз балаңызды түсіне алмай, пікірлеріңіз бен көзқарастарыңыз бір жерден шықпай қиналып жүрсіз бе? Ендеше сіз бір шешімін табуға ұмтылып көріңіз.


Ұл-қызыңыздың әңгімесін тыңдайсыз ба? (ТЕСТ)

фото: ашық дереккөзден

Өсіп келе жатқан перзенттеріңіздің айтқан сөзіңізге құлақ аспайтын, сізді тыңдағысы келмейтін кездері болып тұра ма? Және бұл жағдай өскен сайын ушығып бара ма?

Әрине, кез-келген ата-ана өсіріп отырған ұл мен қызының өз шеңберінен шықпағанын, айтқанымен жүргенін қалайды. Алайда, баланың да жеке тұлға екендігін ескере отырып, сіз қандай әрекетке көштіңіз?

Жасөспірімдік шақта орын алатын баланың жан-дүниесіндегі өзгерістерді сіз қалай бақылайсыз? Олар сізді, сіз балаңызды түсіне алмай, пікірлеріңіз бен көзқарастарыңыз бір жерден шықпай қиналып жүрсіз бе? Ендеше сіз бір шешімін табуға ұмтылып көріңіз. Ол үшін балаңыздың жан-дүниесін түсінуге тырысыңыз. Баланың сіздің айтқаныңызды, сөздеріңізді тыңдағанын қаласаңыз, сіз де оларды қаншалықты дәрежеде тыңдай аласыз? Байқап көріңіз. Қандай ата-ана екендігіңізді анықтаңыз, олқылықтарыңыз болса түзетіңіз!

Төменде берілген тест сұрақтары арқылы жауабын анықтап көрейік.


1.Емтихан тапсыру немесе берілген тапсырманы орындау кезінде. Балаңыз...

А) Сізден көмек сұрайды. Баламен бірге үй тапсырмасын орындау сіз үшін қиын емес. (а)

Ә) Тапсырманы орындауын талап етесіз, бірақ, сіз қанша айтсаңыз да ол құлақ салмайды. Желіде отыруы мүмкін немесе теледидар қарайды. Яғни, өзінің қызығушылығынан бас тарту мүмкін емес. (ә)

Б) Ешкімнің көмегінсіз жан-тәнімен сол тапсырманы орындауға кіріседі. Сіз арасында балаңыздың аздаған уақыт тыныққанын, денсаулығына да мән беруін оқтын-оқтын ескертумен боласыз. (в)

В) Сіз тіпті оның жақында емтихан тапсыратынын да білмейсіз (б)


2.Оқытушы балаңыздың мінез-құлқы, тәртібі жайлы сізбен сөйлесуді өтінді. Сіздің алғашқы сөзіңіз...

А) Ол не бүлдірді? (ә)

Ә) Өзі аман ба әйтеуір, ештеңе болған жоқ деп үміттенем (а)

Б) Текке уақытымды алатын болды-ау, тағы бір сағат әңгімелейтін шығар (б)

В) Уфф, осы оқытушы да жыныма тиіп бітті ғой (в)


3. Дүкенге барғанда балаңыз көбінесе...

А) Қажетсіз бұйымды сатып алып беруіңізді өтінеді (б)

Ә) Бірдеңе сатып алардан алдын сіздің пікіріңізді маңызды деп ойлайды (а)

Б) Құдды өзіңіз секілді ШОПИНГтен ләззат алады (в)

В) Екеуіңіздің талғамыңыз үйлеспейді. Сіздің таңдауыңызға қарсылық танытып, соңы дау-жанжалға ұласады. (ә)


4. Оның хоббиі сіздің көңіліңізде қандай пікірді оятады?

А) Маңыздысы, ұлымның (қызымның) қызығушылықтары қауіпсіз. Қалғанына шыдауға болады (ә)

Ә) Көше кезіп, бос жүргеннен хоббиінің болғаны дұрыс (б)

Б) Хоббиімен өмірі қызықтырақ. Шындығында, оның қызығушылықтары менің де көңілімнен шығады (в)

В) Қызығушылықтарымыздың бірдей болғаны қандай жақсы (а)


5. Балаңыз сізден бірнәрсені жасырса... Қалай білесіз?

А) «Сабағың, жағдайың қалай?» деп сұрасаңыз қысқа жауап қайтарады. (ә)

Ә) Болар-болмасқа ашу шақырып, мазасызданады (б)

Б) Көбінесе менен сыр жасырмайды, барлығын өзі айтып береді (в)

В) Күтпеген жерден тұйықталып, үндемей қалады (а)



6. Таныстарыңыз, құрбыларыңыз перзентіңіз жайында осылай дейді...

А) Ол кімге тартқан? Соншалықты еркін (в)

Ә) Ашық-жарқын екен, менің балам ішімдегіні тап дейді (а)

Б) Қырсық, ашушаң ғой (б)

В) Кішкентай кезінде тым тәтті еді... (ә)


7. Балаңызға не жетіспейді деп ойлайсыз?

А) Тәжірибе және мүмкіндік. Бірақ, олардың пайда болуына шүбәм жоқ (в)

Ә) Ұқыптылық. Ескерту жасамасаңыз, киімін де жинамайды, сабағын да оқымайды. Келешекте қиналмаса болғаны (ә)

Б) Бейжайлық, немқұрайдылық. Мұндай мінезбен өмір сүру оңай болмайды (б)

В) Белсенді. Өзі ширақ бала, бірақ, жанашырлығы кемдеу... (а)


Нәтижесі:

«А» жауабы көп болса:

Балаңызға шектен тыс көңіл бөлесіз. Бұл баланың еркіндігіне шектеу қойдыңыз деген сөз. Баламен байланысыңыз жаман емес, дегенмен, баланың өзіне деген сенімділігін қалыптастыруына бөгет болып жүрсіз. Оған кішкене еркіндік беріңіз. Мейлі, қаьелік жасауы мүмкін, бірақ, ол сол қатесі арқылы өміріне сабақ алады.

«Ә» жауабы көп болса:

Балаңызды есіте алмайсыз. Онымен қарым-қатынасыңыз салқын. Өзіңізбен тең адамдай сырласыңыз, балаға көңіл жетіспей жүр. Сонымен қатар, баланың жан-дүниесінде не болып жатқандығы сізді қызықтырмауы мүмкін емес. Сондықтан, ақтарылып сыр айтуына мүмкіндік беріп көріңіз.

«Б» жауабы көп болса:

Балаңызға қатал болғыңыз келеді. Артық тергейсіз. Балаңыз көп жағдайда сіздің сеніміңізді ақтамаған сияқты. Сондықтан, оған толық сенім арта алмайсыз. Бірақ, оған жақындау жолын да таппай жүрсіз. Өз айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезді ұлыңыз (қызыңыз) неге қызығады? Бәлкім, оның қызығушылығын анықтап, сол арқылы бала жүрегіне жақындай аларсыз. Оның қызығушылықтарына қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істесеңіздер барлығы да қалпына келеді.

«В» жауабы басым болса:

Балаңызбен ата-ана ретіндегі байланысыңыз өте жоғары деңгейде. Перзентіңізбен бір-біріңізді жақсы түсінесіз. Балаңыз сіздің сөзіңізге құлақ асады, сондықтан сіз оған толықтай сенім арта аласыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

Нағыз еркектің жанында болуы тиіс НАҒЫЗ ХАНЫМның белгілері

17 жастағы қыздарға қажетті 17 кеңес