​ЖАҚСЫ АНА болу үшін... (болашақ аналарға кеңес)

0
5 676

Жүкті әйелдің ағзасына күш көбірек түсіп, шаршаңқы болатынын жоққа шығармаймыз, дегенмен, егер сізді бел-омыртқаның ауруы, іштің қатуы, аяқ тамырларының жарылуы секілді кеселдер мазалап жатса, мұның емі, ең жақсы көмекшісі қимыл-қозғалыс. Ең құрығанда таза ауада серуендеу пайдасын береді.


​ЖАҚСЫ АНА болу үшін... (болашақ аналарға кеңес)

Перзентіңіздің дүниеге келер сәті жақын қалды... Армандаған бақытты сәтіңіздің куәсі болар, құшағыңызды толтырар жұпар иісі аңқыған сәбиіңізді көруге асығудасыз. Бірақ, соған қарамастан, көңіліңізде әлдебір қорқыныш пен үрей басым. Сол үрейді жеңуге ана болу сезімі көп көмек береді.


МАЗАСЫЗДАНУды жеңу керек

Сәби күтіп отырған ананың көбірек армандауы, сәбиінің болашағы туралы тәтті қиялдарға берілуі қалыпты жағдай. Тіпті, жүкті әйелдердің кейбірінде бұрын болмаған қызығушылықтар оянады екен. Сурет салуды бұрын ұнатпаса, осы кезеңде сурет салуға құмарлығы артып немесе қолөнерден басқа да хоббилерге әуестене бастайтынын байқауға болады. Сонымен қатар, бұрын ойына алған, бірақ, істеп үлгермеген кезек күтіп тұрған жұмыстарын да дәл осы кезеңде аяқтап тастауға ұмтылып тұрады.

Әрине, мұндай өзгерістер аяғы ауыр әйелге пайдалы. Ойды бөліп, рухани тыныштық сыйлауға қолайсыздықтар мен көңілсіздіктен арылу көмек береді.



Өзіңізге сеніңіз!

Адамның өзіне деген сенімін жоғалтуы өзіне шектен тыс талаптар қою. Әсіресе, сәби күтіп жүрген ана, яғни, жүкті әйел өзіне шамадан тыс талаптар қойған болса, сол талаптарының орындалуы жайлы көбірек ойлайды. Болашақ ана ретінде «Мен қандай ана болар екенмін?», «Сәбиімнің күтімін дұрыс жасай аламын ба?», «Жұмысыма үлгеріп, барлығын қатар ептей аламын ба?», «Егер жұмысымнан уақытша болса да қол үзіп қалсам, отбасындағы қаржылық мәселе туындап қалмай ма екен?» деген секілді сан сауалдардың барлығына бірдей оңды жауап табу қиын-ақ.

Мұндай сұрақтармен артық күш жұмсап, басыңызды қатырғаннан ештеңе өнбейді. Одан да бір Аллаға сеніп, көңіліңізді жайландырсаңыз өзіңізге де, болашақ перзентіңізге де пайдалы болмақ.

Көбірек балаңызбен «сөйлесіңіз», мейірленіңіз. Ішкі сезімдеріңізге құлақ түріңіз.


Жаңа таныстық арттырыңыз

Өзіңізбен өзіңіз оңаша қалғаннан гөрі, өзіңіз секілді сәби күтіп жүрген аналармен (көп балалы ана болса тіпті жақсы) сұхбаттасыңыз. Олармен әңгіме барысында көңіл-күйіңіз көтеріліп қана қоймай, пайдалы кеңестер де ала аласыз. Айналыңызда сізді жақсы түсінетін адамдардың болғаны күйзеліске түсуіңізге жол бермейді.


Маңызды мәжбүрлік

Кейбір болашақ аналар кішкене ғана қателігі үшін өздерін мүжи бастайды. Бірнеше күн бойы уайымға салынуы да байқалады. Әрине, іштегі бала үшін зиян екенін білесіз, бірақ, сабырпға келу қолыңыздан келмей жатады. Мұндай мазасыздықтан арылу үшін, ойыңызда басқа жаққа бұрыңыз. Терең тыныс алып, асықпай-баяу демді шығарыңыз. Көз алдыңызға өмір есігін ашуға дайындалып жатқан кішкентай нәрестеңіздің сүйкімді бейнесін келтіріп, оны ойша еркелетіңіз. Құрсағыңызды сипап, мейірленіңіз.


(суреттер ашық дереккөзден алынды)


ӘРЕКЕТ түбі - БЕРЕКЕТ

Болашақ ананың қимыл-қозғалысының аздығы физикалық қана емес, рухани дүниесінің де көмескіленуіне, әлсіреуіне апарып соқтырады. Жүкті әйелдің ағзасына күш көбірек түсіп, шаршаңқы болатынын жоққа шығармаймыз, дегенмен, егер сізді бел-омыртқаның ауруы, іштің қатуы, аяқ тамырларының жарылуы секілді кеселдер мазалап жатса, мұның емі, ең жақсы көмекшісі қимыл-қозғалыс. Ең құрығанда таза ауада серуендеу пайдасын береді. Жүкті әйелге арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығуы бала үшін өте маңызды. Бұл баланың ағзасына кислородтың жетіспеуінің алдын алады, баланы тыныштандырады.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

«ҰЛЫМДЫ СОЛАЙ ТӘРБИЕЛЕГЕН ӨЗІМ КІНӘЛІ»: Күйеубаланың қолына қараған әжейдің әңгімесі


АЖЫРАСЫП кеткен ерлі-зайыптыны ТАТУЛАСТЫРАТЫН 4 тәсіл