Жас алшақтығы бақытты неке құруға кедергі келтіре ме?

0
2 588

Жастарында едәуір айырмашылық бар жұптар қашанда назарда, елдің сөзінде болады.


Жас алшақтығы бақытты неке құруға кедергі келтіре ме?

фото: ғаламтордағы ашықдереккөзден

Ерлі-зайыптылар арасындағы жас айырмашылығы ежелден, әлем бойынша бар дүние. Қазақ елінде ертеректе көбіне жас қыздарды жасы келген кісіге ұзататын болса, қазіргі кезде жас жігіттердің өзінен әлдеқайда үлкен әйелдерге некелесуі көбейген сыңайлы. Бірақ жас алшақтығы әжептереу болса да бақытты өмір сүріп жатқан жұптарды көруге болады. Дегенмен мұндай жұптар қашанда назарда, сөзде болатыны айқын. Көпшілік мұндай некені көп ретте материалдық жағдаймен салыстырады.

Жастары тең емес неке қандай болады?, Мұндай некенің оң және теріс жақтары қандай? Бұл туралы төменнен оқып біле аласыздар.


Жастары тең емес неке қандай болады?


Жас бойынша

Мұндай неке қазіргі кезде көптеп кездеседі. Егер бұрын тең емес некедегі жас арақашықтығы 10 жас болса, қазір ол 7 жас болған.


Материалдық жағдайға байланысты

Бұл жерде бәрі түсінікті: жұптардың екеуінің бірінің табысы өте жоғары. Екіншісі жұмыссыз немесе табысы аз қызмет жасайды. Мұндай жұптар қазіргі кезде өте көп кездеседі. Қалталы азаматтың әйелі болуға ұмтылатын жас қыздар немесе кәсібі, ақшасы бар әйелдердің жолдасы болуға тырысатын жігіттер жетерлік.


Әлеуметтік дәрежесі бойынша

Мұндай неке ең мәселеге толы некелердің бірі. Себебі қоғамда өз орны, атақ, даңқы бар адамдардың отбасына тым қарапайым ортадан шыққандарға келін немесе күйеу болу өте қиын. Дәрежелері де жастары да сай келмеген соң екі жақта да ыңғайсыздық көп болады. Мәселен қарапайым құдаларды өз ортасымен, достарымен таныстыруға қиналады. Ал қарапайым отбасы ондай ортада өздерін жайсыз сезінеді.


Түрлі мінез айырбасы

Жас адамға көңіл аудару арқылы жасы келген жан организмге қажетті өмірлік энергияны алғысы келеді. Ал жас адам жасы келген жұбайынан сабырлықты, тек қажет кезде, орнымен сөйлеуді, мәселе шешуді үйренеді. Мәселен жас қыздар жасы үлкен кісіге тұрмысқа шықса, көп еркелігін тастайды, шошаңдамайды, салиқалы жанға айналады. Ал керісінше кейбір жандар жас жарына ілесіп өз жарына лайықты емес қылықтар жасап жатады.


Көңіл бөлу мен қамқорлық

Өмірде әке қамқорлығынан, көңіл бөлуінен қа,ылған қыз, көп ретте жасы үлкен жолдасынан әкесіндей әрекет күтеді. Яғни жанын осылай жұбатады. Дәл осындай жағдай жас жігіттер тарапынан да көрініс береді. Үнемі анасының қамқорлығында болған бала өзі қатарлы қыздардан ондай көре алмағандықтан, өзінен үлкен жастағы әйелмен бас қосқанды жөн санайды. Ал жасы үлкен жан жас жұбайын аяққа тұрғызу үшін өз тәжерибесі, білімі мен өмірден алған сабақтарымен бөліседі, жолын бағыттап отырады.


Жас дағдарысы

Қырықтың қырқасынан асқан соң көп жандар өзінің өткен өмірін қайта ойлана бастайды екен. Сондықтан көп жағдайда өмірлерін түбегейлі өзгертуге бел буады. Жасы келе жатқандықтан өзінен әлдеқайда жас жанмен өмірін байланыстырғанды дұрыс көреді. Алайда мұндай некенің бақытпен аяқталуы екіталай.


Жас айырмасы алшақ некенің оң тұсы


Сенімділіктің пайда болуы

Жасы келген адам өз өмірін жас жанмен біріктіретін болса, сенімділігі арта түседі. Мәселен өзінің тартымдылығына күмәнмен қарап жүрген жасы келген әйел жас жігіттің жанында өзін сенімді ұстай бастайды. Дәл осылай өз күшіне сенбей жүрген ер азамат жас келіншегінің жанында жігерлене түседі.


Романтика

Жас айырмашылығы бар жұптар арасында романтика орын алады.Бұл қос тарапқа да пайдалы.


Тыныштық, сабырлық

Жасы үлкен жандар үйдегі жайлылық пен тыныштықты қатты бағалайды. Олардың өмірден көрген тәжерибелері арадағы кез-келген шиеленісті, жанжалды шешіп, түбімен жойып жіберуге жетеді. Ал жас жан осы тәжерибелерді біртіндеп үйренеді.


Жас айырмасы алшақ некенің теріс жағы


Көзқарастар қайшылығы

Тең емес некеде екі жанның екі бөлек уақытта, екі түрлі жағдайда өсуінен көзқарастағы қайшылықтан қашу мүмкін емес. Сондай-ақ жасы үлкен жан жас жұбайын үнемі үйретумен болады. Бұл да арада келіспеушілік тудырады.


Бос уақытты пайдалануға әртүрлі көзқарас

50ден асқан жан үшін отырыс, түрлі кештер өз сәнін жоғалтады, ал жастар үшін ол аса қызықты. Ал егер ондай кеш, отырыстаға жас келіншек немесе күйеудің өзі кетсе, онда арада қызғаныш түсініспеушілік пайда болады.


Қоғамның жазғыруы

Мұндай некеге қадам басқан жандар түрлі сынға да сөзге де дайын болғаны жөн. Сөз көтере алмаған жағдайда неке сәтсіздікке ұшырайды.


Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Ата-аналар ҚАЛАЙ БАҚЫТТЫ БОЛА АЛАДЫ