​Жігіттің бағы – ақылды жары

0
2 290

Отбасы бақытты өмір сүру үшін ең адымен ол үйде жайлылық, татулық, сыйластық болуы керек.


​Жігіттің бағы – ақылды жары

Ерлі зайыптылардың жанжалы көбейген сайын үйдің де, ондағы жандардың да берекесі қаша бастайды. Ал үйде ыдыс-аяқтың сирек сылдырауы үшін қыз-келіншектер өз іс әрекетімен жолдасын ашуландырып алмаса жеткілікті.

Ер азаматтың ашуы көп ретте тез тұтанып, тез басылады және ашудың шығуына көп жағдайда әйелдің іс-әрекеті себеп болады. Негізі әйел баласы ер азаматын өзіс әрекетімен әдейі ашуландырмайды, тек бұл байқаусызда болады. Кейде осындай кішігірім, байқаусызда болған ашудың арты үлкен ұрысқа ұласып кетіп жатады. Ендеше ер азаматтардың көпшілігінің әйелдің қандай әрекеттеріне ашуланатынын біле жүріңіздер. Егер ер азаматыңыздың бағы болғыңыз келсе, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіп, ақылға, сабырға ерік бергеніңіз жөн.

Әйел баласы қандай іс-әрекеттен аулақ болуы керек? Ең алдымен ер азаматтың ашуына тиетін әйелдердің іс-әрекеті.


Өзінен кемшілік іздеу

Қыз-келіншектер көп жағдайда өзінен кемшілік іздеп, бірде мүсініне, бірде шашына, бірде бет келбетіне көңілі толмай, өз-өзімен алысып жүреді. Жолдасына ұнау үшін сол кемшіліктерін жоюға тырысып, диетаға отырып ағзасын шаршатып, бет келбетіне түрлі косметологиялық, тіпті кейде пластикалық хирургияға да жүгініп жатады.


Ақылды болу

Ер адам әйелдің көпшілік алдында тым ақылсынып кеткенін ұнатпайды. Тіпті әйелдің айтқаны дұрыс болса да.


Әңгімеден аузы босамау

Ер азаматтар қажетсіз ақпараттар жиынын қабылдай бергісі келмейді. Әсіресе телефонмен ұзақ уақыт сөйлесу олардың жынына тиеді.


Бітпейтін сын

Қыз-келіншектердің көпшілігіөзінің жолдасының жасаған қателіктерін бетіне басқанды дұрыс көреді. Қателігін, дұрыс емес жерлерін айтып, сынап отырсам, түзеліп кетеді деп ойлайтындар көп. Бірақ бұл ер азаматтың ашуын тудырады. Ол қателік жасағанын айтпай-ақ біледі, тек бірден мойындағысы келмейді.


Болмашыға айқай-шу шығару

Қыз-келіншектердің шектен тыс сезімге беріліп кетуі, соның жетегінде кетіп дауыс көтеріп қоюы немесе көз жасын төгуі ер азаматтың ашуға берілуіне себеп болады.


Ақымақтық

Әп-әдемі келіншегінің ақымақ қылықтары, мағынасыз әңгімесі мен сұрақтары, соған сай жасалған әрекеті ер азаматтың жүйкесін шаршатады. Егер ақымақ әрекеттің кесірінен жоспары бұзылса, онда ол оның ашуын үдетуі мүмкін.


Бақылау

Ер азамат әрдайым бақылауда жүргенді ұнатпайды. Ал көпшілік қыз-келіншектер ер азамат отбасылы болған соң оның бос кеңістігі болмау керек деп ойлайды. Яғни жолдасының әрбір телефонмен сөйлескені, бара жатқан жері, не сөйлескені жайында толықтай біліп отырғысы келеді.


Беймазалық

Ер адамға әйелдің өзіне жабыса бергені ұнамайды. Әрине бұл жерде ықылас пен жабысуды шатастырып алмаған жөн. Жолдасыңызды еркелетіп немесе жанынан өткенде өз еркелігіңізді білдіріп әдейі тисіп кеткенде тұрған ештеңе жоқ. Бұл адамның өзінің ықыласы. Ал егер үнемі өзіңіз туралы есіне салып қайта-қайта смс хат, әлеуметтік желі арқылы жаза берсеңіз, жиі қоңырау шалу, мұның ер азаматтың ашуына тиері анық.


Ысырапшылық, зат сатып алуға деген құмарлық

Ер азаматтарды текке кеткен уақыт ашуландырады. Сондықтан олардың көпшілігі дүкенге тек алатын кезінде, нақты зат үшін ғана барады. Егер қыз-келіншектер үшін дүкен аралау жүйкені тыныштандырып, ойды бөліп, сергу сәті болса, бұл ер азаматтар үшін кері әсер береді.


Төсектегі салқындық, бопсалау

Қыз-келіншектердің арасында жолдасын жазалау мақсатында төсекте салқындық танытатындар да жиі кездесіп жатады. Ал жатын бөлмедегі салқындық, жиі осы жағдайды пайдаланудың соңы айрылысуға алып келуі мүмкін.


Үнсіздік және жұмбақтап сөйлеу

Ер адамдар жұмбақтап сөйлегенді, оның астарын іздегенді дұрыс көрмейді. Оларға барлығы нақты, тура айтылуы керек. Ал үнсіздік, себебін айтпау жұбайыңыздың ашуын ары қарай ушықтырмаса, баса қоймайды. Егер болған жайтқа үнсіздік білдірсеңіз, онда жолдасыңыз оны өз қиялымен өрбітіп алады да, сіздің кейінгі айтылған сөздеріңіз көлеңкеде қалып қояды.


Тәрелкедегі асқа ортақтасу

Әйел баласы өте қызық, түсініксіз жандар. Тіпті тағамды өзіміз жасап, өзіміз шай құйсақ та жолдасымыздың тамағынан бір жеп, шайынан бір ұрттап қалып жататын кездеріміз кездеседі. Әсіресе мұндай жағдай дәмхана, мейрамханаға барған кезде көп орын алады. Ондағы ас мәзірінің көптігі кейде миды шатастырып жібереді. Сондықтан жолдасыңыздың тағамы сіздікіне қарағанда дәмдірек көрініп жатады және «Сенің тамағыңның дәмін көрсем бола ма?» деп Ал бұл ер азаматқа ұнамайды. Ер азамат өзіне не керек екенін және қанша мөлшерде ішетінін жақсы біледі.


Кешігу, ұқыпсыздық

Қыз-келіншектердің тірлігі, әсіресе бір жерге шығатын кезде жұмысы көбейіп кетеді. Сондықтан болар біз көп ретте кешігіп жүреміз. Алайда бұл ер-азаматтарға ұнамайды. Келіншегінің дайындап қойған киімін киіп алып, ол боянып, киініп шыққанша шыдай алмай «бол да болдың» астына алатын аға – інілерді көріп жүрміз. Көп уақыт күтуді ер азаматтар уақыт ұрлау деп түсінеді.


Салақтық

Ер азаматтарға әйелдің өз-өзіне қарамауы немесе үйінің шашылып, жиналмай тұруы мүлде ұнамайды. Ер азаматтың бірінші ретте көзбен жақсы көретінін ұмытпау керек. Сондықтан жанында жүрген адамының жинақы, үйінің реттеліп жайлы болып тұрғанынжақсы көреді.


Бұрынғы ара қатынаснемесе өзге де жігіттер туралы сөз қоғау

Жалпы ер азаматқа өзін өзгемен салыстыра қарау, өзге жігіттер туралы әңгіме қозғау мүлде ұнамайды. Ал бұрынғы ара қатынас туралы айту жолдасыңыздың жанын жаралауы мүмкін.


Кекшілдік

Қыз-келіншектер көп нәрсені ойында сақтап қалады. Әсіресе жолдасының әрбір ұрысқан кездегі сөздерін, берген уәделерін, іс әрекетін қатты есте сақтайды және ол келесі бір ұрыс кезінде міндетті түрде айтылады. Ал бұл ер азаматқа мүлде ұнамайды.


Жеке шекарасына өту

Әрбір адам жеке тұлға болған соң өз жеке шекарасы болады, оны әркім мейлінше қорғауға тырысады. Әсіресе ер азаматтар жолдасының өз шекарасына өткенін білсе бірден ашуланатыны сөзсіз. Оларға оның телефонына, ноутбугына т.б жеке заттарына тиіскен, олардың орындарының ауысқаны мүлде ұнамайды. Сондай-ақ демалам деген күнінде үйдің жұмыстарын істеп тасташы деген ұсыныс та оның ашуын тудыруы мүмкін.


Ырыққа көнбеу, қырсықтық

Ер азаматтар қыз-келіншектердің қырсықтығын көтере бермейді. Ырыққа көнбейтін, өзінен шамалы төмендемейтін қыз-келіншектер жігітті өзіненкері итереді.


Қызғаныш

Әйел баласының үнемі, болмашы жағдайдан қызғана беруі ер азаматтың ашуын шығарады. Әйелі қызғаншақ ер азаматтар кез-келген ортада өзін қатты ыңғайсыз сезінеді.


Ас пісірудегі икемсіздік

Ер азаматтың махаббатына жол асқазаны арқылы деп бекер айтылмайды. Олардың ойынша кез-келген қыз баласы асты жақсы пісіре білуі керек. Қанша жерден сырттан тамақтанып келсе де, үйде тамақ болмаса ашуға беріледі.


Дұрыс жасалмаған макияж

Беттегі секпіл, қалдар ер азамат үшін аса бір қорқынышты емес. Алайда бояуды шектен тыс, асыра қолдану ер жігітті кері итереді.


Ер азаматтың ашуына тиетін сөздер

Іс-әрекетінен өзге қыз-келіншектер кейде ер азаматын сөзбен де қатты ашуландырып алып жатады. Ендеше қандай сөздерді ер азаматқа айтуға болмайды?

  • "Еркек сияқты жүрші"
  • "Саған ұнамаса кете бер немесе кетемін"
  • "Өзіңді көрсетіп, көзге түсіп қалсай"
  • "Қайда болдың?"
  • "Саған кім хабарласып жатыр?"

Жоғарыдағы келтірілген жағдайлардан алшақ болғандарыңыз жөн. Сонда отбасыларыңыздың беріктігі нығайып, арта түседі.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ