"50 мыңға сатып алдым": Қайын жұртына барған жігітті балдызы жалаңаяқ қалдыра жаздады (видео)

0
1 729

Бұл қандай салт және қай өңірде жасалады?


иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

"...Бірақ, бірақ!

Себебін сұрамашы!

Әзіл менен әдептің бір анасы.

Қай кезде де балдыздың қақы басым,

Ал жезденің шектеулі правосы!" деген Қадыр Мырза Әли ақынның өлеңіндегідей, еркелігі жарасқан балдыз бен алақаны ашық жезденің бейнесін көрсеткен бейнежазба жарияланды әлеуметтік желілердің бірінде.

Қазақтың жоралғыларының бірі саналатын бұл көрініс есік ашып, қайынжұртына алғаш келген күйеудің жомарттығын тексеріп көретін бұл көріністің қай жерде түсірілгені белгісіз. Десе де, ерке балдыз жездесінің аяқкиімін тығып қойып, оның өтеуіне ақша сұрайды. Бейнежазбадағы күйеу де жомарт екен, назданып тұрған балдызының сұраған ақшасын беріп, аяқкиімін сатып алады. Бірақ, мұндай салттан хабардар болмаса керек, жанындағы келіншек түсіндірген соң ғана қалтасынан көк қағазды суырады.

Оңай болмаса керек, "50 мыңға сатып алдым" деп дауыстап та қалды күйеу жігіт. Ал ақшалы болғанына қуанған бойжеткен секіріп-секіріп жібереді.



Ал Сіздің өңірде бұл салт бар ма? Болса, қалай аталады және мақсаты не? Білгеніңіз болса, пікір қалдырсаңыз...

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


«ЕШКІМГЕ БЕРМЕЙТІН ШАПАН»: Қазақ тойында қарияға теңгеден "тігілген" шапан кигізілді


«ҚАСҚЫРДЫҢ ТЕРІСІН ТӨСЕП, ӨЗДЕРІҢЕ ШАУЫП ЖҮРМЕСІН»: Қазақтың салтын білмеген асабаны көпшілік сынға алды (видео)

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет