85 жастағы әже тойда мың бұрала билеп көпті тамсандырды (видео)

0
2 454

Әже өзінің немересінің ұзату тойында билеп берген.


85 жастағы әже тойда мың бұрала билеп көпті тамсандырды (видео)

Тойда болатын қызықты сәттер көп. Сүйіндіретін сәттер аз болса да көпке ұнаған сәттер де кездесіп жатады.

Әлеуметтік желіде жарияланған кезекті бейнежазба да сол аз ғана сүйіндірер сәттің бірі болса керек. Себебі, немересінің ұзатылуында 85 жастағы әже Нұрғиса Тілендиевтің "Ата толғауы" күйіне мың бұрала билеп өнер көрсеткен.

Тіпті, бұл сәтті бейнежазбаға түсіргендердің өздері әженің жасын сұрап таңғалысқан.


Ал бұл бейнежазбаны көрген көпшілік ақжаулықты әженің тойда тамсандырғанына разы болып, ізгі тілектерін арнаған. Барлығы дерлік әженің бақытты да балбұл жанған жүзіне разы болып, "Апаның жасын берсін бізге!" десіпті.

Қазақ күйіне билеп, керемет өнер көрсеткен әжеге желі қолданушылары денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.