"Абысын тату болса": Беташарда ән айтқан келінге көпшілік сүйсінді (видео)

0
8 978

Жас келінге абысынның татулығы жайында әнмен жеткізген.


Редакцияға оқырман тарапынан қазақтың салты бойынша беташар рәсімінің алдында босағаны жаңа аттаған келін мен көпшілікке ән арнаған келіншек туралы бейнежазба келіп түсті.

Бейнежазбаны жолдаған оқырманның айуынша, абысын татулығын ту етіп, жас келіннің есіне салған әрі көпшіліктің батасы жас отаудың керегесін кең, шаңырағын биік етерін әнмен жырлаған келіншек көпке ұнапты. Тіпті, беташарды жүргізген асаба емес, осынау келіншектің тәрбие мен өнегеге толы әні тойға жиналған көпшілікті сүйсіндірген.

Ақ жаулықпен оюлы қамзол киіп, жас келіннің қолтығынан сүйеген келіншек үйленген жігітің нағашы жеңгесі көрінеді.


ERNUR.KZ