​«Асаба гей шығар»: Тойда жігіттерге орамал таққызған асаба көптің ашуына тиді (видео)

0
3 585

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазбаға көпшілік осы сарынды пікір қалдырды.


​«Асаба гей шығар»: Тойда жігіттерге орамал таққызған асаба көптің ашуына тиді (видео)

Тойдың қай жерде және қашан өткені белгісіз, бірақ көпшілік орында өткені және оны асаба жүргізгені белгілі. Әдеттегідей, көпшіліктің көңілін көтеруге асабаның ұйымдастырған ойыны әлеуметтік желідегілердің талқысына түсті.



Ойын оқырмандардың басым көпшілігіне ұнаған жоқ. Әсіресе, ер жігіттерге орамал таққызып, қолдарына әйелдің сөмкесін және аяқкиімін ұстатқаны желі қолданушыларының ашуын туғызды.

«Тамада гей нарверное», «осындай ойын ойнатып жатқан тамада п.... екен», «еркектерді қ...н болуға үйретіп жатыр», «ер жігітті қызтеке қылып», «осындай ойыннан шығып жатыр ғой, онсыз да ерлер әйелге ұқсап барады», «өте ұят» деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Ашуына ерік бергендер ойынға қатысқан жігіттерді де, асабаны да сынап, мұндайға қарсы екендіктерін білдірісті.

«Осындай ойындарға шықпай қалу керек. Сонда асбалардың өздері де түсінеді керек емес екенін» деп жазды желі қолданушылардың бірі.

ERNUR.KZ