Асаба тойда билеген қыздарға қауын-қарбыз сыйлады (видео)

0
2 227

Қазақ асабаларының тағы бір "ерекшелігі".


Асаба тойда билеген қыздарға қауын-қарбыз сыйлады (видео)

Қазақ тойларында тағы бір "ерекшелік" пайда болды. Бұл жолы асаба көпті осынысымен таңғалдырамын деп ойласа керек, ортаға шығып билеген қыздарға ерекше сый жасады.

Инстаграм желісінде тойдағы "қызықтардың" кезекті бір түрі жарияланды. Бойжеткендерді шетелдің әніне билетіп қызығын тамашалаған асаба елде жоқ сыйлық жасады. Асабаның ерекше сыйы - қауын мен қарбыз болды.

Әрине, мұндайда желі қолданушылары да пікірін жазбай қалған емес. Бір қызығы, мұндай "ерекше сыйлық" көптің көзіне түсе қоймаса керек. Себебі, көбісі түнгі клубтағыдай еркін билеген қыздың қылығына мін тағып, сынға алыпты.

Дегенмен, "қауын-қарбыз үшін билеген" бойжеткеннің биін біршама желі қолданушылары тамашалап үлгерген сыңайлы.

Айта кетсек, тойдың Қазақстанның қй өңірінде өткені белгісіз.