"Балалардың көзінше": Той үстінде бір-біріне мінгескен жігіттер көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

0
4 460

Оларға айнала ересектермен бірге кішкентай балалар да қарап тұрған.


Бүгінде тойдағы асбалардың көпшілігінің орынсыз ойындары елдің көңілінен шықпай жүргені белгілі. Ол туралы той кезінде түсіріліп, әлеуметтік желіге салынған бейнежазба астында қалдырылған пікірлерден білуге болады.

Той үстіндегі көптің ашуына тиген сондай бір бейнежазба инстаграмдағы timonmusic аккаунтында жарияланды.

Асаба тойды қызықтырғысы келсе керек, ортаға шыққан жігіттерге арналған ойын барысында жұптасқан жігіттерге қырықаяқ жәндігінің көрінісін көрсетуді тапсырады. Қарсыластарынан асып түскісі келді ме, алдыңғы екі жігіт бір-бірінің үстіне шығып, міңгесе кетеді. Ол аз болғандай, бір-бірінің үстіне жармасқан күйі жерге жата кетіп, бар өнерлерін салады.

Мұндағы бір өкініштісі, бейнежазбада болып жатқан көрініске айнала қарап тұрған жас балалардан асабаның да, жігіттердің де ұялмауы әрі намыстанбауы. Бұл туралы видеоны көрген желі оқырмандарының қалдырған пікірлерінен байқауға болады.



"Балалардың көзінше не масқара?", "Тойдың қадір-қасиетін осындай әпербақан асабалар құртады", "Азғындағандар", "Масқара! Ұялсаңдаршы" деген сынды пікірлер қардай бораған.