"ЕНЕМ ЖҮРГЕН... Мен де жүрем дәл солай!": Бір топ келін енелеріне ән арнады (видео)

0
2 556

Келіндер белгілі әнші Ғазизханның әніне салып, тойда айтқан.


Бүгінде қазақтың әр тойында таңқалдыратын жайлардың көбейіп жатқаны рас. Кейбір той жаңалықтары елге кеңінен тарап, көпшілік бір-бірінен іліп алып кетсе, енді бірі аса танымалдылыққа ие бола қоймайды. Дегенмен, сол тойға жиналғандардың көңілінен шығып-ақ жатады.

Кезекті бір тойда бір топ келіндер енелерінің құрметіне ән арнап, көпшілікті сүйсінтті. Желі қолданушыларының жазуына сүйенсек, той Ақтөбеде болған секілді.

Ортаға шыққан келіндер белгілі әнші Ғазизхан Шекербектің "Еркекпін мен..." әнінің мақамына салып, енеге арнап ән шырқады. Көптің алдында енені келіндердің құрметке бөлеуі расында бағалауға тұрарлық.

Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушыларының көпшілігі келіндердің әніне жоғары баға берсе, енді бірі киімдеріне сын таққан көрінеді. Дегенмен, "Ене болар келін де, заң солай!" деп ененің басынан өткен сәттерден келін де құры қалмайтынын айтқандары көпке ұнаса керек-ті.