"Келін төбеден түсіп... Өте ерсі": Алматылық келін той төріне аспаннан түсті (видео)

0
29 690

"Әулеттің үстіне шығарып..." дескендер мұны жарата қоймаған сыңайлы.


фото: видеодан скриншот

Тойдың сәні - жас келін. Басты кейіпкері де сол. Тек сол кейіпкерді ерекше бір рәсіммен той төріне алып шығудың түрі де көбейді.

Келесі бір осындай той кереметі Алматы қаласында өтіпті. Той ұйымдастырушының айтуынша, келінді осынау бейнежазбадағыдай алып шығу 100 мың теңгенің арғы-бергі жағында көрінеді.

Айтпақшы, мұндай ерекшелік тойдың "отаны" саналатын Шымкентке әлі жетпеген сыңайлы. Тек алып шаһар Алматының салтанат сарайларында ғана бар екен.




Бірақ әлеуметтік желіге жарияланған бұл келінді көпшілік аса жақтыра қоймаған сыңайлы. Көпшілігі келіннің бүткіл тойға жиналған көпшілік пен босағасын аттаған әулеттің "үстіне шығуы" деп санапты. Оқырман пікірі арасында мұны ерсі санағаны байқалады.

"Бояушы, бояушы десе, бір жерлерін бояптының кері...Өте күлкілі, жазым болып үзіліп кетсе, не болар еді, қазір бәрі аяқ астынан...", "Адам адаммен жарысып, не істерін білмей ойлап тапқаны осы болды гой. Не істеп жатқандарын өздері білеме екен осылар, ата-анасы қайда қарап жүр?", "Ерсі көрінеді болашақ келін талтайып төбеден түсіп" деген сынды оқырман пікірлері жазылыпты бейнежазбаның астына.

Бірақ оны қолдаған және бейтарап қалған желі қолданушылары да бар екенін айта кеткен жөн.