"Хайуандар осылай иіскейді": Көпшілік ортасында тым ерсі билеген қыз бен жігіт көптің ашуын тудырды (видео)

0
35 558

Бір-біріне сүйкеніп, үйкеле билегендердің бейнежазбасы қызу талқыға түсті.


Көптің талқысына түсіп, ашуын тудырған тағы бір бейнежазба әлеуметтік желілердің бірінде пайда болды.

Онда көпшілік ортасында тым ерсі билеген жігіт пен қыздың әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды. Ырғақты музыкаға билеген жастар тым жақындасып, анайы қылық көрсеткен. Бірақ оларды қолпаштап отырған көпшілік тоқтау салудың орнына одан сайын шапалақ ұрып, ысқырып, билегендерге дем бере түскен сыңайлы.

Желі қолданушыларының барлығы дерлік осынау бейнежазбадағы қыз бен жігітке, сонымен қатар оны айнала қоршағандарға қатты ренжіген. Пікір арқылы жастардың тәрбиесін бұзатынын айтысып, көргенсіздікке балаған.


Қыз бен жігіт билеген жиынның бейнежазбаға қашан және қайда түсірілгені белгісіз. Сонымен қатар, той немесе көңіл көтеру кеші де болуы мүмкін.


Естеріңізде болса, қазақ тойларының бірінде бір-біріне есі кете билеген қыз бен жігітті қолына таяқ ұстаған ақсақал салтанат сарайынан қуып шыққан болатын.