"Коронавирус, кет, кет!" деп беташарда билеткен асаба жұрттың ашуына тиді (видео)

0
28 892

Қауіпті кезеңде той өткізгендерді де желі қолданушылары талқылап жатыр.


Әлеуметтік желілерде "Коронавирус, кет!" деп беташар тойында билеген асаба жайында бейнежазба тарады.

Бейнежазбада байқалғандай, көпшілік жиналған үйдің ауласында қазақша беташар тойы өтіп жатыр. Микрофон ұстаған асаба (болуы керек) ортаға шыққан ер адаммен елде індет тарағалы бері хитқа айналған "Коронавирус, кет!" әнін орындап тұрып билеген.

Бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарап, көпшілік төтенше жағдай кезінде адамдардың көп шоғырланған жерінің қауіпті екенін алға тарта той жасағандарға ашуланды.


Айта кету керек, бейнежазбаның қай қалада түсірілгені белгісіз. Желі қолданушыларының кейбірі мұның монтаж болуы да мүмкін екендігін айтуда. Дегенмен, төтенше жағдай кезінде той жасауға көпшілік те қарсы екендігі байқалады.

Еске салсақ, бейнежазбадағы хит болған өлеңді танымал әнші Марат Омаров айтып, оны көпшілік іліп алып кеткен болатын. Тіпті, әлеуметтік желілерде осынау әннің сөзі хэштегке де айналған еді.