Құдалыққа КЕРУЕНМЕН бару СӘН бе, ДӘСТҮР ме әлде МАҚТАНЫШ па? (ВИДЕО)

0
550

Құдалықтың керуенмен келуі қазір сәнге айналған. Әуендетіп, түйе мініп келуге әр қазақтың шамасы жете ме? Осылай жасау кімнің қолынан келеді?


Құдалыққа КЕРУЕНМЕН бару СӘН бе, ДӘСТҮР ме әлде МАҚТАНЫШ па?  (ВИДЕО)

Қазақ салт-дәстүрінің мәні мен сәнінің уақыт өткен сайын өзгеріске түскендігін байқаймыз. Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында қазақ мәдениетінде үлкен өзгеріс болып, көп құндылық ұмыт қалған болатын. Ал, XXI ғасырдың жалынды жастары бұрынғының дәстүрін жаңа форматта қайта түрлендіруге тырысып жатыр.

Сыйластығы мың жылға ұласар құдаларды күтуге әр шаңырақ ерекше дайындықта болады. Осыған дәлел - шымкенттік Айдана есімді келіннің жасауын жаңа құдалар керуенмен алып кіруі.


Көпшіліктің қызу талқысына түскен бұл көрініс «Сырға салу» рәсімінде басталған екен. Жігіттің ата-анасы да Айдана қызға құда түсіп, сырға салу үшін тап осылай барған. Тек домбырамен әуендетіп, киім киюінде өзгешелік бар.


Елді дүрліктіріп келген құдалардың бұл көрінісін байқаған халықтың пікірі екі түрлі. Бір тарап, ысырапшылдық пен мақтаншақтықты алға тартса, екіншісі «қалтасы көтерсе неге жасамасқа?» дегенге саяды.

Елді сүйсіндіріп, халықты шулатып жасаған құда тойдың бұл басы ғана. Қазақтың түрлі кәде-сыйлары мен ырымдары ерекше құрметтелетін бүл мерекенің өту барысында көпті қызықтыратындай дүниелердің болғаны анық. "Ел құлағы - елу" деген. Көптің пікірінен аңғарғанымыз, аталмыш тойдың басқұдалары Шымшаһардың белді кәсіпкерлері көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін құдалыққа түйе көшімен келген жаңа құдалар көпшілікті қызықтырған еді.

Дайындаған: Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет