Қазақ келіні табанына тұрмыс құрмаған құрбыларының есімін жазып жүр (видео)

0
3 394

​Үйлену тойында жас келіннің аяқ киімінің табанына тұрмыс құрмаған құрбыларының есімін жазу үрдіске айналып бара жатыр.


Қазақ келіні табанына тұрмыс құрмаған құрбыларының есімін жазып жүр (видео)

Үйлену тойында жас келіннің аяқ киімінің табанына тұрмыс құрмаған құрбыларының есімін жазу үрдіске айналып бара жатыр.

Желіге жарияланған төмендегі видеоны көрген оқырмандардың басым бөлігі бұл ырымға үрке қарады. Олар "Ой, ақымақтарым-ай!", "Не боларын білмей, еліктеген ешкілер", "Құрысын, аяқ асты қылғанмен бірдей емес пе?" деген сынды пікірлерін желі де жарыса жазуды. Өйткені бұл қазақ салтында бұрын кездеспеген, соңғы кезде ғана кең тарап жатқан сенім.

Жас келіннің аяқ киіміне қыздардың есімін жазып, келесі кімнің тойы болатынын анықтайтын дәстүр Греция мен Түркиядан бастау алған. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдеріндегі жас келіннің дос қыздары осыны қайталап жатады. Сенім бойынша әрбір қыз өз есімін туфлидің табанына жазуы керек. Тойдың соңында кімнің есімі өшпесе, келесі ұзату соның үйінде болады деп сенеді.

Осы тұста халқымызда ұзатылып бара жатқан қыз құрбылары мен сіңілілеріне үкі тарататын дәстүрі болғанын естеріңізге сала кетейік.


Видео-фото ашық дереккөздерден алынды.

ERNUR.KZ