"Тоқал! В студию!" - "Күйеуінің туған күніне тоқал әперген әйел" туралы бейнежазба тарады

0
30 054

"Менімен қырылыспай, төбелеспей жақсы помощница болуға тырыс"...



Әлеуметтік желіде еріне тоқал әпергенін паш еткен әйелдің бейнежазбасы тарады.

Бейнежазбада байқалғандай, экран алдында отырған ер-азаматтың қасына жақындаған әйел оның туған күні екенін және оған тоқал сыйлағысы келгенін айтады.

"Бүгін осы Т-ың туған күні. Сол құттықтайын деп едім. Басты сыйлық, уәде еткендей, Т-ға тоқал әперейін деп жатырмын. Осы тоқалмен мен бәйбіше болып жатырмын. Званием өсіп... Бәйбішемен, тоқалмен аман болып тұра бер", - дейді әйел еркекті құшақтап құттықтай тұрып.

Содан соң "сыйлығын" қасына шақырады.

"Тоқал! В студию! Аман болыңдар! Менімен қырылыспай, төбелеспей жақсы помощница болуға тырыс. Тимурмен жақсы тұруға тиіс", - деп сөзін жалғап, жас әйелдің басына орамал байлап берген ол талабын да жасырмаған.

Сонымен қатар, үшеуі бақытты отбасының кейпін танытып, бірге бас түйістіреді. Ал ер-азамат болса, әйелге рахметін айтып, "79-дар! Вот так надо!" деп мақтанғандай болады.

Айта кету керек, бейнежазбаның шындыққа жанасатынын немесе жай әзіл үшін түсірілгендігі белгісіз.

фото: әлеуметтік желідегі видеодан скриншот