Ең үлкен торт Шымкентте емес!

0
5 833

​​«Шымкенттегі ең қымбат торт жұртты таң қалдырды» деген жаңалықтар барлығын бір шулатты. Атақты кондитер Ренат Агзамов Шымкенттегі үйлену тойына салмағы 1500 келі тартатын торт пісірген болатын. Шебердің айтуынша, торттың диаметрі - 3 метр, ал биіктігі арбасымен қоса есептегенде 4 метрден асады. Шамамен 60 миллион тұратын торт әлемдік рекордтарға ілесе алмайды екен. Олай дейтін себебіміз салмағы мен бағасы жағынан рекорд жасайтын торттар біздікін он орайтын сияқты. Ендеше, ең қымбат торттардың алғашқы бестігіне тоқталсақ.​


Ең үлкен торт Шымкентте емес!

«Шымкенттегі ең қымбат торт жұртты таң қалдырды» деген жаңалықтар барлығын бір шулатты. Атақты кондитер Ренат Агзамов Шымкенттегі үйлену тойына салмағы 1500 келі тартатын торт пісірген болатын. Шебердің айтуынша, торттың диаметрі - 3 метр, ал биіктігі арбасымен қоса есептегенде 4 метрден асады. Шамамен 60 миллион теңге тұратын торт әлемдік рекордтарға ілесе алмайды екен. Олай дейтін себебіміз, салмағы мен бағасы жағынан рекорд жасайтын торттар біздікін он орайтын сияқты. Ендеше, ең қымбат торттардың алғашқы бестігіне тоқталсақ.

Әлемдегі ең қымбат торттың бағасы – 75 миллион доллар. Оны Араб әмірлігінің шейхы қызының туған күніне арнап дайындатқан. Ол торттың авторы Дебби Уингхем сән көрсетіліміне арналған подиум сияқты етіп жасаған. Ұзындығы 1,8 метр болатын тәттіге түрлі-түсті бағалы гауһар тастар қосылған.

Келесі кезекте 2000-нан аса гауһар таспен безендірілген бағасы 52 миллион доллар болатын торт. Ол 2013 жылы Ливерпулда өткен көгілдірлердің шеруіне арналып дайындалған.

Үшінші торттың бағасы 35 миллион долларды құрайды. Бұл торттың ерекшелігі - пираттар кемесіне ұқсатылып пісірілген. Димуту Кумарасингх дайындаған тортына бағалы тастармен қатар, түрлі дәмдегі шоколодтар мен асқабақ және лимон қосыпты.

"Social Life Magazine" басылымының редакторы «Кондидер королі» атты реали-шоу ұйымдастырған. Әрі өзінің мерекесіне құны 30 миллион доллар тұратын тортқа тапсырыс берген. Әрине өз кезегінде ол торт та бағалы тастармен безендірген.

Әр жыл сайын АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласында сән салтанаттан құралған шоу өтеді. Бұл мерекеге 2006 жылы кондитер Нахид Парса гауһар тастар мен алмаз қосылған арнайы тортты тарту етті. Ол торттың бағасы 20 миллион долларды құрайды.

Қарашаш Есенбай