Жұлдыздардың тойдағы биі. ТОП-5

0
10 789

"​Той десе қу бас домалайтынын" қазақ баяғыда-ақ айтқан. Өйткені бар жиған-тергенін қуанышқа шашатын біздей жомарт халық жер бетінде жоқ! Баяғыдай отыз күн ойын, қырық күн тойын жасамасақ та, бір рет жасайтын тойымызды барынша жоғары дәрежеде өткізуге тырысамыз. Әсіресе ел алдындағы өнер иелерін шақырып, қонақ еткенді жанымыз сүйеді. Ондай кезде елдің еркелері де бар өнерін шашып кетеді.


Жұлдыздардың тойдағы биі. ТОП-5

"Той десе қу бас домалайтынын" қазақ баяғыда-ақ айтқан. Өйткені бар жиған-тергенін қуанышқа шашатын біздей жомарт халық жер бетінде жоқ! Баяғыдай отыз күн ойын, қырық күн тойын жасамасақ та, бір рет жасайтын тойымызды барынша жоғары дәрежеде өткізуге тырысамыз. Әсіресе ел алдындағы өнер иелерін шақырып, қонақ еткенді жанымыз сүйеді. Ондай кезде елдің еркелері де бар өнерін шашып кетеді.

"Той-думанның" бүгінгі саны өнер адамдарының "хит" болған билері туралы. Желіде танымал болған билерден жарыс өткізіп, топ-5-ті анықтайық?!

  • Олай болса ТОП-5 соңғы орынына тойда жалғыз өзі билеген Мөлдір Әуелбекова орналасты. Үйлену тойына қонақ болып барған Әуелбекова жалғыз өзі "көзін жұмып" әртүрлі жанрдағы билерді билеп жұртты тәнті етті. Оның қандай сыйлық алғанын төменнен көріңіз!

  • Ал төртінші орынды мың бұрала билеймін деп халықтың ызасын тудырып алған Алтынай Жорабаева иеленді. Өткен жылдың хит әніне билеген Алтынай ханымның биін youtobe арнасынан 1 миллионға жуық көрермен көрген. Оның бұл биін парақшасына құрбысы салған еді.

  • ТОП-5 бел ортасына қазақтың бозторғайы Мейрамбек Бесбаевтың жарымен билеген биі жайғасты. Інісінің үйлену тойында той иесі Мейрамбектің Мархаббатымен билеген биі халықтың ықыласын одан әрі арттырған еді.

  • Қыздар қылығына "құлайтын" Нұрболат Абдуллиннің бұл биі желіде өте танымал болды. Өзінің әніне Әбдіжаппар Әлқожамен сайысқа түскен Нұрболаттың биін төменнен көруге болады.

  • Ендігі кезек үздік бидің алғы шебіндегі Қайрат Нұртасқа да келіп жетті. Ата-анасының тойында анасымен еркелеп билеп жүрген Қайроштың бұл биі де жанкүйерлерінің жүрегін елжіреткен еді.