17 қап жоңышқа ұрығын ұрлаған түркістандық жас жігіттер құрықталды

0
2 527

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден астам қаржыны құраған.


17 қап жоңышқа ұрығын ұрлаған түркістандық жас жігіттер құрықталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Түлкібас АПБ-ның кезекші бөліміне белгілі бір ЖШС-нің қойма қызметкері хабарласып, арызданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған қызметкер өз арызында қоймаға белгісіз біреулер ұрлыққа түскенін көрсеткен. Тиісінше, «Ұрлық» жайты бойынша ақпарат келіп түсе салысымен аудандық полицейлер тез арада іске кірісіп, оқиға орнына барып жедел тергеп-тексеру амалдарын жүргізген. Нәтижесінде, қоршауы бар қоймаға шатырын бұзып кірген күдіктілер ақ түсті 17 қапта тұрған жоңышқа ұрығын ұрлап кеткендігі және жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтыны анықталған. Алайда, оқиға орнынан ешқандай айғақты заттар табылмай, жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.


Содан кейін, қылмысты ашу мақсатында Түлкібас АПБ-нің жедел уәкілдері егін егумен айналысатын азаматтардан сұрастыру арқылы бір кәсіпкерге түнгі уақытта күдіктілер ұрланған жоңышқа ұрығының барлығын 400 000 теңгеге сатып кеткені анықталады. Осылайша, күдіктілердің жергілікті тұрғындар екені белгілі болып, 3 бірдей жас жігіттер ұсталған. Ал, айғақты зат ретінде 17-қап жоңышқа ұрығы тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылған.


Тәртіп сақшыларының айуынша, ұрлық жасағандар бұрын осы жерде жұмыс істеген және үлкен қойманың артқы жағынан кіріп, жымысқы ойларын іске асырған. Күдіктілердің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.