2 айға 15 мың теңге: Тұрғындар коммуналдық төлеммен қамтылды

0
817

3592 тұрғын ақысын алып үлгерді.


2 айға 15 мың теңге: Тұрғындар коммуналдық төлеммен қамтылды

Арыс қаласының 3592 тұрғыны коммуналдық төлеммен қамтылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісім-шарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі.

Осылайша карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес шоттарына 2 айға 15 мың теңгеден жіберіп отырады. Бүгінгі таңда Түркістан облысы Арыс қаласы бойынша 3592 тұрғын коммуналдық қызметке төлейтін ақысын алып үлгерді.