«200 миллион теңге мен 7 автокөлік»: Түркістан облысында үлкен той көкпары өтіп жатыр (видео)

0
2 735

Жүлдеге тігілген көліктердің алдына «Ұлы жүз. Шапырашты. Қарасай!» деп жазылған.


«200 миллион теңге мен 7 автокөлік»: Түркістан облысында үлкен той көкпары өтіп жатыр (видео)

Түркістан облысы Шардара қаласында Болат Болатұлының сүндет тойына арналған көкпар тойы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, бұл мерекелік шараға шақыру және салымға тігілетін 7 автокөліктің дайын екені туралы видеолар WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жарияланған.

Бірақ, жарияланған видеода той иесінің аты айтылмауы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әлеуметтік желіде «Бұл Болат Назарбаевтың баласының тойына берілген көкпар», «жүлде қоры 200 миллион теңге» деген бейресми ақпараттар мен жүлдеге тігілген көліктердің алдына «Ұлы жүз. Шапырашты. Қарасай!» деп жазылған белгілер қойылғанын айқындайтын суреттер таралып жатыр.

Сонымен қатар, аталған той көкпар барысында ақындар айтысы және кешкі уақытта өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өтетіні хабарланған.