2000-нан астам түркістандық тұрғын сапалы ауыс сумен қамтылады

0
669

Ұңғыма қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


2000-нан астам түркістандық тұрғын сапалы ауыс сумен қамтылады

Сарыағаш ауданында ауы су жүйелері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі кезекті іс сапарымен Дербісек ауылдық округіндегі Атамекен елді мекеніне барды. Мұнда өңір басшысы ауыз су мұнарасының және су құбырларының құрылысымен танысты.

Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Ауданда елді мекендердің 50,7 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сол себепті, тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жұмыстары кезең кезеңімен атқарылып келеді.

Құрылыс нысанында болған аудан басшысы М.Отаршиев бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер компания мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Қазіргі таңда елді мекенге мердігер мекеме «ТВИК» ЖШС-гі тарапынан 8,11 шақырым су құбырлары жүргізіліп, ауыз су құдықтары мен су сақтау қоймалары орнатылған. Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 ұңғыма қазу жоспарланса, бүгінгі таңда 1 ұңғыманың бұрғылау жұмыстары аяқталып, қалған 2 ұңғымада бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендегі 210 абонент, яғни 2225 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.