2022 жылы мақтааралдық оқушылар түгелдей типті мектептерде білім алатын болады

0
1 442

ERNUR.KZ Мақтаарал ауданында өткен жылы 3 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы меже 8 жаңа білім ошағы болып отыр. Аудан әкімінің айтуынша алдағы жылы оның қатары тағы артады. Ол үшін қазынадан жалпы құны 8,9 млрд. теңге қаралған екен.


2022 жылы мақтааралдық оқушылар түгелдей типті мектептерде білім алатын болады

ERNUR.KZ Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі ауданның бірі—Мақтаарал төрт жылдан кейін типті мектептермен толық қамтылады. 2017 жылда атқарған жұмыстарын қорытындылаған аудан әкімі осылай дейді.

"2007 жылы аудандағы мектептердің 50-і ғана типті ғимараттарда орналасқан болса, қазіргі таңда олардың саны 99-ға жетті. Дәл осылай жоғары қарқынмен құрылыс жұмыстарын жүргізу арқылы алдағы 3-4 жылда білім беру нысандарын толықтай типті мектептерге айналдырамыз" – деді Мақатарал ауданының басшысы Ғ.Исмаилов

Мақтаарал ауданында өткен жылы 3 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы меже 8 жаңа білім ошағы болып отыр. Аудан әкімінің айтуынша алдағы жылы оның қатары тағы артады. Ол үшін қазынадан жалпы құны 8,9 млрд. теңге қаралған екен.

Сондай-ақ, өткен жылы Ынтымақ елді мекеніне жақын 80 гектар жер теліміне 60 пәтерлі 2 тұрғын үй, 20 пәтерлі 4 тұрғын үй, 40 пәтерлі 6 тұрғын үйге жер бөлінген, біріңғай 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы осы жылы басталмақ.