​«30 автомат, 27 пистолет» - Түркістан облысында сарбаз бөлімшеден қашып кетті

0
2 842

Сарбаздың ұсталғандығы туралы тиісті органдар әлі ресми мәлімдеген жоқ.


​«30 автомат, 27 пистолет» - Түркістан облысында сарбаз бөлімшеден қашып кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысындағы әскери бөлімшелердің бірінен сарбаз постты тастап кетіп қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Шымкент қаласына таяу орналасқан әскери бөлімшелердің бірінен кезекші ауысымдағы рота құрамындағы кезекші кіші сержант Балгынбай А. бөлімшені тастап кетіп қалған. Сондай-ақ сол уақытта қару-жарақ сақтайтын қоймада қару-жарақтың түгел еместігі анықталды.

Жоғалған қару-жарақ пен әскери сарбазды табу үшін құқық қорғау органдары және әскери полиция тарапынан барлық шұғыл-іздестірілу шаралары ұйымдастырылуда», деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұдан бұрын әлеуметтік желі арқылы жоғарыда аталған сарбаз жөнінде ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, ол ақпаратта сарбаз бөлімшені тастап кеткенде қару-жарақ бөлмесінде 30 автомат, 27 пистолет пен 400 оқ жетіспейтіндігі де көрсетілген еді.

Сарбаздың ұсталғандығы туралы тиісті органдар әлі ресми мәлімдеген жоқ.