​4 миллионға жуық ақшамен қашқан түркістандық пошта қызметкері ұсталды

0
1 807

Күдікті Тараз қаласынан ұсталған. 1 млн теңгеден басқасын қажетіне жаратып жіберген.


​4 миллионға жуық ақшамен қашқан түркістандық пошта қызметкері ұсталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері үлкен көлемде заңсыз ақшаны иемденген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 29 қарашасындаОтырар АПБ-не пошталардың бірінен қатынас хат келіп түскен. Онда мекеменің бір қызметкері үлкен мөлшерде ақшаны заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалағанын көрсеткен. Аталған жайт Отырар АПБ-нің СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Отырар АПБ-нің қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, мекеме қызметкерінің жалақыға бөлінген 3 800 000 теңге ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалап кеткендігін анықтады.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізу барысында күдікті ретінде Отырар ауданының тұрғыны екені анықталып, ол Тараз қаласынан ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында айғақты зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі, яғни 1 миллион теңгесі тәркіленіп алынды. Қалған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Күдікті бас шарасы қолхатта.

Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 189-бабы «бөтеннің мүлкін иемдену» жайты бойынша СДТБТ-не тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.