«7 – 20 - 25» бағдарламасымен баспана екінші жартыжылдықтан беріле бастайды

0
1 243

Қазақстан бойынша жаңа несие беру көлемі 830.млрд теңге болып бекітілген. Осы қаржының 28,5 млрд теңгесі біздің өңірдің еншісінде екен.


«7 – 20 - 25» бағдарламасымен баспана екінші жартыжылдықтан беріле бастайды

ERNUR.KZ ҚР Ұлттық банктің Оңтүстік Қазақстан облысындағы бөлімшесінің директоры Әнуар Ботанбеков БАҚ өкілдеріне өңірдегі жылдық инфляция бойынша сондай-ақ «7 – 20 - 25» бағдарламасы аясында баспана алу мәселесі және Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бойынша ақпараттық хабарлама жасады.

Биыл облыс бойынша жылдық инфляция төмендеді. Екі айдың қорытындысы бойынша яғни 16 қаңтардан бастап – 10,25%-дан 9,75%-ға төмендесе, наурыздың бесінші жұлдызынан бері 9,75%-дан 9,5%-ға кеміп отыр. Сонымен қатар ақша нарығындағы мөлшерлемелер базалық мөлшерлемемен қатар келеді. Себебі, 2017 жылдың соңында қысқа мерзімді ноттардың ең жоғарғы мөлшерлемесі 9,43%-ға жетіп, биылғы жылдың ақпанында ол 9,02%-ға дейін азайды.

Валюта нарығында ахуалдың тұрақты екенін айтқан Әнуар Амангелдіұлы бүгінгі күні экономиканы несиелеу мәселесі қалыпқа келуде екенін тілге тиек етті. Қазақстан бойынша жаңа несие беру көлемі 830.млрд теңге болып бекітілген. Осы қаржының 28,5 млрд теңгесі біздің өңірдің еншісінде екен. Тілшілердің «RBK» банкінде туындаған мәселеге қатысты сауалына бұл жағдайдың түбегейлі шешілгенін жеткізді.

Ұлттық банк депозиттерінің көлемі қаңтар айында 303,5 млрд. жетсе, шетел валютасындағы салымдар бұл кезеңде 6,9%-ға дейін қысқарған. Қысқасы ұлттық банк ұлттық валютадағы депозиттеріне кепілдік береді.

Елбасының «7 – 20 - 25» бағдарламасы елге таныстырылғаннан кейін Қазақстандағы баспанаға зәру әрбір отбасы тұрғын үй алуға деген үміттері оянды. Десе де Ұлттық банк бұл бағдарлама аясында әлі де толықтыру жұмыстарының жүріп жатқанын, екінші жартыжылдықтан бастап тиісті банктер арқылы баспана беріле бастайды. Үй алуға үміткерлердің жас ерекшеліктер, алғашқы жарна мөлшері, қайта қаржыландыру және тағы басқа сұрақтарға жауап жақын арада берілетін болады, деді облыстың бас банкирі.