7 жасар бала зорланған ауылдағы мектептің директоры қызметіне қайта келді

0
1 398

Осының алдында Б.Селтанованы мектеп басшысы лауазымынан шеттету туралы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің екі бірдей бұйрығы шыққан болатын.


7 жасар бала зорланған ауылдағы мектептің директоры қызметіне қайта келді

Абай ауылындағы 7 жасар бала зорланған мектептің бұрынғы директоры қызметіне оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы зорланған 7 жасар бала мәселесінен туындаған шуға қатысты қызметінен шеттетілген мектеп директоры Бейбіткүл Селтанова Түркістан облыстық сотының апелляциялық алқа шешімімен өз қызметіне қайта кірісті. Осының алдында Б.Селтанованы мектеп басшысы лауазымынан шеттету туралы Сарыағаш аудандық білім бөлімініңекі бірдей бұйрығы шыққан болатын. Алайда, мектеп директоры сотқа арызданып, №74 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінің директоры лауазымынан заңсыз шеттетілгенін көрсетіп, аталған бұйрықтарды заңсыз деп, лауазымдық қызметіне кіріскен деп тануды, лажсыз қызметтен шеттетілген уақытына айлық жалақысының айырмасы 896 635 теңгені өндіруді сұраған.

Осыған орай, Сарыағаш аудандық сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған еді. Алайда, қызметінен негізсіз шеттетілді деп түйген Бейбіткүл Селтанованың апелляциялық шағымы қанағаттандырылды. Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен Еңбек кодексінің 48-бабында немесе ҚПК-нің 158-бабында көрсетілген негіздемелеріне сүйене отырып қызметіне қайта кірісті.

Бұл туралы: «Б.Селтанованы қазметінен шеттетуге Еңбек кодексінің 48-бабында немесе ҚПК-нің 158-бабында көрсетілген негіздемелер, қылмыстық процестi жүргiзушi органның Б.Селтанованы қызметінен шеттету туралы ұсынысы болмаған. Осыларға байланысты, сот алқасы сот шешімінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды», - деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.