70 мектептің басшылары әкіммен кездесті

0
1 426

Келешекте бала саны өсіп үш ауысымда білім беруі ықтимал


70 мектептің басшылары әкіммен кездесті

ERNUR.KZ. Жетісай ауданында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Жетісай ауданында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі талқыланды. Жиынға аудан әкімі Ж. Бейсенбаев, аудан әкімінің орынбасары М. Жолдасбеков және ауданға қарасты 70 мектептің басшылары қатысты. Күн тәртібіне сай аудандағы білім ұяларының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары мен Тамыз конференциясына әзірлік барысы тыңдалды.

Сондай-ақ, жиын барысында алдағы жылы күрделі жөндеуден өтуі тиіс және жылу жүйелері көмірден газға көшірілетін, келешекте бала саны өсіп үш ауысымда білім беруі ықтимал мектептерге қосымша ғимарат салу мәселелері талқыланды.

Жиынды қорытқан аудан әкімі жаңа оқу жылына қажетті кітаптар мен оқу құралдарымен дер кезінде қамтамасыз етіп, жылу маусымына дайындық жұмыстарын пысықтауды тапсырды.