Әділет басқармасы тұрғындарға тегін заңгерлік көмек ұсынды

0
2 129

Отырар ауданында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.


Әділет басқармасы тұрғындарға тегін заңгерлік көмек ұсынды

Отырар аудандық Әділет басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы және Отырар ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімдері бірлесіп, "Әділет кеңес береді" республикалық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Әділет кеңес береді» республикалық заңгерлік акциясы «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалының мәжіліс залында өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты, тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету және құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпараттар беріп, азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру мен жеке жауапкершіліктерін сензіндіру мақсатында партия тарапынан диалогтық алаң ұсыну болып табылады.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыруға арналған акцияға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құрман Абай Тінейбайұлы, аудандық Әділет басқармасының басшысы Исмайлов Ержан Ережепұлы, аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы - аға сот орындаушысы Жусипов Сәрсен, аталған мекемелердің басқа да қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, тұрғындарға құқықтық кеңестер берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында тиісті түсініктемелер берілді.