Жетісай ауданында апалы-сіңілі үш қызға қорлық көрсетті деген күдікпен ұсталған өгей ананың әкесі күйеу баласының арақ ішіп, ерсіткі затын пайдаланғанын айтады.
Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды
Ескерту: Мақаланы көшіріп басу тек редакцияның рұқсатымен жүзеге асады
Жетісайда өгей қыздарына қорлық көрсетті деген күдікпен қамалған Жұлдыз Көбееваның әкесі Пернебай Көбеев, күйеу баласының арақ ішіп, аракідік есірткі пайдаланғанын айтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде резонанс тудырып, жұрттың жағасын ұстатқан Жетісайдағы оқиғаға байланысты Жұлдыз Көбееваның әкесі Пернебай Көбеев күйеу баласы Нұрмұхамед Қойымбетов жайлы тағы бір деректі айтты.
«Күйеу балам Жетісай қаласында кастоправ болып істейді. Таңертең ерте кетіп, түнде кеш келеді. Отбасының қамын ойлап, жұмыс істеп кеш келсе мейлі ғой. Ол жұмыстан кейін жолдастарымен қосылып арақ ішеді екен, құмар ойындарын ойнап, аракідік есірткі де пайдаланып келген. Қызым Жұлдыз «Оның кімдермен құмар ойнап, есірткіні қайдан алатынына дейін білем. Көрсетуге дайынмын» деп отыр», - дейді.
Жұлдыздың әкесінің сөзіне сенсек, қызы мен күйеу баласы әлі күнге дейін заңды некеден өтпеген. Сонымен қатар, отбасының басында баспанасы болмай, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген. Кейде тіпті, жұмыстан араққа сылқия тойып келіп, күйеу баласы Жұлдызға жиі қол жұмсаған да екен. Бұл жағдайларды жанұяның бұрынғы пәтер жалдап тұрған жерлеріндегі көршілері де растай алатынын айтады.
«Туған-туыстарының қатысуынсыз зәбір көріп келді делінген Сабина, Мәншүк, Миланадан психологтар жақсылап сұраса олар да көп нәрсені айтады. Қыздар қазір олардан (туған-туыстарынан) қорқып, ешнәрсе айта алмай отыр»,- дейді Пернебай Көбеев.
Қызына нақақтан-нақақ жала жабылып отырғанын айтқан әкесі, тергеу амалдарының әділ, жан-жақты жүргізілгенін қалайды.