Акция кезінде ОҚО тұрғындары полицияға 300-ден астам қару тапсырды

0
1 361

Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 17 миллионнан астам теңге бөлінді.


Акция кезінде ОҚО тұрғындары полицияға 300-ден астам қару  тапсырды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында полиция тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция бастады. Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 17 миллионнан астам теңге бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2018 жылдың 10 сәуірінен басталған шара кезінде қазірдің өзінде облыс аумағында тұратын 196 азамат 332 дана отты атыс қаруын ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырылды. Оның ішінде 47 ойық, 283 дана тегіс ұңғылы қару және 1 ойық карабин мен 1 дана жарақатты тапанша.

Арнайы құрылған комиссияның қажетті рәсімдерін жүргізгеннен кейін 13 миллион теңгеден астам сомаға қаруды сатып алу туралы 251 шешім қабылданды.