Алик Шпекбаев түркістандық студенттердің жағдайымен танысты

0
1 161

Агенттік Төрағасы​ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жастарымен кездесті.


Алик Шпекбаев түркістандық студенттердің жағдайымен танысты

Түркістан облысына келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Агенттік Төрағасы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің жанынан ашылған білім алушыларға арғалған қызмет көрсету орталығына барды. Ондағы студенттерге көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты. Аталған қызмет көрсету орталығында студенттерге 16 қызмет түрлері көрсетіледі екен.

Сондай-ақ Агенттік Төрағасы кызмет көрсету орталығына жүгінген студетпен тілдесу барысында, студеттің жатақханаға құжат дайындап жүргендігін біліп, сол жатақханаға орналасу үшін осында оқитын студенттерге құжат санын қысқартуға тапсырма берді.

Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар шаралардың қолға алынып, оны түбегейлі жою жұмыстарына кіріскендігін, сонымен бірге университет пен Агенттіктің аумақтық Департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын Университет ректоры Болатбек Абдирасилов атап өтті.


"Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап білімнің дамуына ерекше көңіл бөлуде, бұл мемлекеттік саясаттың негізгі үстемдігі. Сондай-ақ, Елбасы осы жылды - Жастар жылы деп жариялады. Жастар үшін барлық бағыттар бойынша неғұрлым қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Сондықтан әрқайсыңыз өз мақсаттарыңызды анық көруге және өз болашақтарыңызды дұрыс жоспарлауларыңыз қажет", - деді Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев жастарға серпін беріп.

Сонымен бірге, Жастарды адалдық, парасаттылық принциптерін қалыптастыруда белсенді болуға шақырды.
Жиында Университет ректоры Болатбек Абдирасилов Агенттік тарапынан студенттерді қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға өз ризашылығын білдірді.

Жиын соңында студенттер Төрағаға өздерін қызықтыратын бірнеше сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды. Естелік суретке түсті.