«Amazing Turkistan» бағдарламасы арқылы әуе рейстері мен пойыз кестесін білуге болады

0
957

Бүгінгі күнге дейін 80 мыңға жуық адам жүктеп алған.


«Amazing Turkistan» бағдарламасы арқылы әуе рейстері мен пойыз кестесін білуге болады

Былтыр туристер үшін іске қосылған "Amazing Turkistan” қосымшасы жаңа бөлімдермен толығып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қосымша арқылы қолданушылар әуе рейстері мен пойыз кестесін біле алады. Сонымен қатар, қосымша енді түрік тілінде де ақпарат береді. Бұған дейін қолданушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде ақпарат беріп келген жүйені бүгінгі күнге дейін 80 мыңға жуық адам жүктеп алған.

Мұнда келушілер үшін онлайн гид, такси, дүкен, дәріхана, Халық қатысатын бюджет, мейрамханалар, қонақ үйлер, такси бөлімдері жүйелі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, "109 - Бірыңғай байланыс орталығына" да аталған қосымша арқылы сауал жолдауға болады. Әлі де тұрғындар жайлылығы үшін жүйеде біршама бөлімдер іске қосылып, толығатын болады.